Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Дәріс №9. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары



бет18/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Дәріс №9. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары
Әдетте файл форматын ақпаратты байттар тізбегінің көмегімен жазу тәсілі деп түсінеміз.

Графикалық файлдар форматы-файлда графикалық ақпаратты сақтау тәсілін,сонымен қатар ақпаратты сақтау формасын (қысу алгоритмін қолдануды) анықтайды.

Графикалық формат- графикалық ақпаратты жазу тәсілі.Графикалық формат суретті өңдеу және баспаға шығару мүмкіндіктерін,сонымен қатар оның жадыда алатын көлемін береді.файлдың форматы әдетте файл атының кеңейтілуімен белгіленеді.

Қазіргі кезде компьютерлік графикада графикалық файлдардың 30-дан астам түрлері қолданылады.Бірақ олар тек кейбіреулері ғана стандартты,яғни кез-келген программада жұмыс істеуге қолайлы болады.Векторлық,растрлық және үшөлшемді суреттердің файлдарының форматтары бір-біріне сәйкес келмейді.Көптеген графикалық редакторларда ақпаратты тез ашып және кодталған суреттерді тез қалпына келтіру керек,сондықтан да суреттерді сақтау барысында суреттің өз форматын қолданып сақтаған тиімді.Басқа программалар осы берілген файлдар форматымен жұмыс істей алмауы мүмкін.Егер суреттерді құру немесе өңдеу үшін бірнеше программалар қолданылса немесе суретерді басқа бір адамдарға жіберсеңіз,онда компьютерде кеңінен қолданылатын форматтарды қолданған жөн. Қосымшалардың көпшілігі өзінің жеке форматтарына негізделгендіктен,файлдарды басқа программаға ауыстырғанда арнайы фильтрлерді қолдануға немесе суретті стандартты форматқа экспорттауға тура келеді.

Қандай мақсатқа анралып жасалғандығына байланысты әр формат графикалық ақпаратты әр түрлі етіп сақтайды.Кез келген форматтың артықшылығы және кемшілігі болады.

Компьютерде графикалық ақпаратты векторлық және растрлық түрде беруге болатыны белгілі,ендеше графикалық файлдар форматының да сәйкесінше векторлық және растрлық түрлері бар.



Растрлық файлдар форматында:

  • Суреттің өлшемі-горизанталь және вертикаль өлшемдері бойынша суреттегі бейненүктелердің саны.

  • Биттік тереңдік-бір бейненүктенің түсін сақтау үшін қолданылатын биттер саны.

  • Суретті сипаттайтын мәліметтер(суреттегі бейненүктенің түсі),сонымен қатар қосымша ақпарат сақталады.

Растрлық суреттердің көлемі үлкен болғандықтан растрлық графикалық файлдар форматында файлды қысу қысу алгоритмі қолданылады. Қысу алгоритмдері 2 түрге бөлінеді:

  • файлдарды архиватор-программалардың көмегімен қысу;

  • файл форматына енгізілген қысу алгоритмінің көмегімен қысу.

Бірінші жағдайда арнайы архиватор-программалар бастапқы файлды қысу алгоритмін қолдана отырып,жаңа файл құрады.Бірақ осылайша архивтелген файлды қайтадан бастап қалыпқа келтірмейінше ешқандай программа оны өздігінше аша алмайды.

WINDOWS жүйесінде файлдарды қысудың кең тараған түрлеріне-ZIP,ARJ,RAR және т.б жататыны белгілі.Ал графикалық файлдарды қысу архиватор программалардың көмегімен файлдарды архивтеуден өзгеше.

Суреттердің әр түрлі типтеріне сәйкес өзіндік қысу алгоритмі бар.Егер файлдар форматына қысу алгоритмі қосылса,онда сәйкес программалар қысылған мәліметтерді дұрыс оқуға жағдай жасайды.

Графикалық ақпараттарды қысу алгоритмдері;

1. RLE(Run-Length Encoding) қысу алгоритмі-көп бөлігі біртұтас бояудан тұратын аппликация типті суреттерді қысу мақсатында қайталанатын шаманың тізбегін екі шамаға ауыстыратын қосу алгоритмі.

Мұндай қысу алгоритмі кейбір растрлық графикалық файлдар форматында қолданылады. Файлдарды қысу алгоритмі алдымен бейненүктелер санын,сосын олардың түсін жазады,немесе керісінше.

2. LZW(Lempel-Ziv-Welch) қысу алгоритмі файлдағы бірдей өрнектер тізбегін іздеп,ақпараттарды қысуға негізделген.Табылған тізбектер кесте түрінде сақталады,оларға неғұрлым қысқа маркерлер(кілт) беріледі.

Егер суретте 20 рет қайталанатын қызыл,қызыл сары және жасыл нүктелер жиыны болса, .LZW оны анықтап,бұл жиынға жекеше сан береді де (мысалы,5),сосын бұл мәліметтерді 5 саны түрінде 20 рет сақтайды.

Қаныққан өрнекті суреттер бастапқы өлшемінен 0,1-ге дейін қысылады. LZW- қысу әдісі біртектес бояулардан тұратын (логотиптер,жазулар,схемалар) файлдарды қысуға мүмкіндік береді.

LZW(Lempel-Ziv-Welch) қысу алгоритмі RLE алгоритміне қарағанда әлдеқайда жақсы,бірақ кодтау және қайтадан шығару процестері жайырақ жүреді.

LZW қысу әдісі TIFF және GIF форматындағы файлдарда қолданылады.

TIFF форматының басқа да қысу алгоритміін қолданатын нұсқалары да бар.

Сондықтан TIFF форматының әр түрлі нұсқалары да бір-біріне сәйкес келмейді. TIFF форматындағы файл кейбір графикалық програмаларда оқылмауы мүмкін.Осындай кемшіліктеріне қарамастан TIFF форматы қазіргі кезде ең танымал растрлық форматтардың бірі болып табылады.Кең тараған растрлық форматтарға BMP,TIFF,PCX,GIF,JPEG форматтары жатады.


BMP (Bit Map image) форматы. BMP (Bit Map image) форматы растрларды Windows ОЖ-де сақтау үшін қолданылады. Ол растрлық суреттерді салатын Windows қосымшаларында қолданылатын формат болып табылады.

BMP форматының артықшылығы – Windows –пен үйлесетін кез келген программаны сүйемелдеуі. Ал кемшілігі – қысу мүмкіндігінің нашарлығы. Бұл форматта тек қана 4 және 8 биттік суреттерге ғана сәйкес RLE қысу алгоритмі қолданылады. BMP файлдары дискіде көп орын алады. Сонымен қатар BMP файлдарын қолдану Windows платформасымен шектеулі. Форматтың кемшілігі: жиырма төрт биттік түс тереңдігін қолданғанда, файлдың өлшемі өте үлкен болады. Сонымен қатар бұл форматта басқа форматтағыдай кейбір қосымша мүмкіндіктер жеткіліксіз.



TIFF форматы. TIFF (Tagged Image File Format, файл атының кеңейтілуі .TIF) жоғары сапалы расторлық суреттерді сақтауға арналған кең таралған формат. Ол ақ қара түстен RGB және СМҮК модельдеріне дейін барлық түстерді қамтиды. ТІІҒ форматында LZW қысу алгоритмі қолданылады.

ТІҒҒ форматы түсті тарату және қысу механизмінің тиімділігіне сай сканерленген аэрофото және ғарыштық суреттерді сақтауға өте ыңғайлы.

РСХ форматы. PCX (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі. PCX) форматын PC PaintBrush программасы үшін Z – Soft фирмасы жасаған. РСХ файлдарын компьютерлердің барлық графикалық қосымшалары аша және импорттай алады. Бұл форматта RLE қысу алгоритмі қолданылады. Бірақ РСХ СМҮК моделімен немесе RGB моделінен басқа модельдермен жұмыс жасай алмайды. Бейненің түстік бөлінуін сақтамауы, түстік модельдің аздығы және басқа шектеулер бұл форматтың қолданыстан шығуына сеьеп болды. Қазіргі кезде бұл формат секірген формат болып табылады.

GIF форматы. GIF (Graphics Interchange Format, файл атының кеңейтілуі .Gif) форматын 1987 жылы (GIF 87a) СompuServe фирмасы желімен растрлық суреттерді тарату үшін арнайы жасаған. Сондықтанда бұл форматта қысу механизмі жақсы, WEB беттерінен суреттерді тез жүктейді. GIF форматы LZW қысу әдісін қоданады. GIF суретті «жол арқылы» жазуға мүмкіндік береді. 1989 жылы мөлдірлік пен анимацияны сүйемелдеуге байланысты GIF форматы қайтадан (GIF 89a) толықтырылды. Нәтижесінде GIF – те немесе бірнеше түстерді мөлдір етіп орнатуға болады, сондықтан бұл түстер Интернеттің көру программаларында көрінбейді.

GIF файлдар бір немесе бірнеше растрлық суреттерден тұруы мүмкін, программа файлда көрсетілген жиілікпен суреттің бірінен кейін бірін жүктейді. Осылайша қозғалысты алуға болады (GIF анимация). GIF форматында түстік сурет тек қана 256 түс режимінде жазылады. Сондықтан бұл формат Интернет желісінде электрондық басылдымдарды құру кезінде қолданылады.



Форматтың кемшілігі түстің өте аз тереңдігінде болып табылады. Мұнда тек 256 – дан артық түс қолданылмайды. Және суреттерді сақтау ыңғайсыз, мұнда түстері аз суреттерді сақтауға болады.

JPEG форматы. JPEG (JOINT PHOTOGRAPHIC EXPERTS GROUP файл атының кеңейтілуі .JPEG) растрлық бейнелерді сақтауға арналған форма. Нақты мәндердің орнына JPEG нүктеден нүктеге ауысу жылдамдығын сақтайды. Ол кейбір мәндерді ортақтастырып артық түстік ақпаратты лақтырып тастайды. Қысу деңгейі үлкен болған сайын, көп мәліметтер лақтырылып тастайдыда, суреттің сапасы нашарлайды. JPEG форматын қолдану арқылы BMP форматындағы файлдын көлемі 10 – 500 рет аз файл алуға болады. Мұнда қысу әдісі «артық» ақпаратты жоюға негізделген, сондықтан бұл формат тек электрондық басылымдарға ғана қолдануға ұсынылады. JPEG түрлі - түсті фотосуреттерді толықтай түстік реңктер жиынтығымен сақтап, таратуға мүмкіндік береді. Мұнда әрбір нүктенің түсі 24 битпен кодталады. Сондықтан 16 млн – дай түсті сақтауға болады.

PSD форматы. PSD (PhotoShopDocument, файл атының кеңейтілуі .PSD) Adobe Photoshop графикалық редакторында қолданылатын растрлық графикалық файлдар форматы. Бұл формат қабаттар параметрлерін, арналарды, тұнықтық көрсеткішін және көп қабаттарды сақтауға көмектеседі.

Бұл форматта ақпаратты қысу алгоритмі жоқ болғандықтан, файлдың үлкен көлемі болады, сондықтан сурет жадыдан көп орын алад Ол форматтың негізгі кемшілігі болып табылады.



PNGформаты. PNG (Portable Network Graphics, файл атының кеңейтілуі .PNG) форматы 1995 жылы JPEG және GIF форматтарын ауыстыру үшін жасалған, сонымен қатар суреттерді Интернетке орналастыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы түрде жаңа формат. Ақпаратты сапасын жоғалтпай қысуға мүмкіндік береді.

PhotoCD форматы. файл атының кеңейтілуі .PCD. KODAK фирмасында жасалған. Ол растрлық цифрлық суреттерді өте жоғарғы сапада сақтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет