Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Дәріс №10. векторлық графикалық файлдар форматтары



бет19/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Дәріс №10. векторлық графикалық файлдар форматтары
Векторлық форматтың растрлық форматтан айырмашылығы, векторлық графика ауқымында әр түрлі платформада, әр түрлі программаларда қолданылатын стандартты форматтардың жоқтығы деп айтуға болады. Векторлық суреттерді салудың арнайы алгоритміне сәйкес барлық векторлық графикалық программалардың өз форматтар болады. Векторлық форматтағы файлдар суреттерді сипаттаудан тұратын графикалық примитивтер құруға арналған командалр жиынынан және бірқатар қосымша ақпараттардан тұрады.

Әр векторлық формат командалр жиынымен және оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді. Бірақ векторлық графикада кейбір кездерде файлдарды әртүрлі қосымшаларда тасымалдау қажеттілігі туған жағдайда өздерінше стандарты болып табылатын WMF, CDR, AI форматтары қолданылады. Сонымен қатар, векторлық және растрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған әмбебеп файлдар форматтары да бар, олар: EPS, PDF. Кез – келген векторлық форматтағы файлдарда растрлық графикалық суреттерді сақтауға болдаы. Бірақ ол түстің бұрмалануына әкеліп соқтырады, сондықтан да егер сурет векторлық нысандардан тұрмайтын болса, онда растрлық форматты қолданған тиімді.



WMF (Windows Meta File) форматы. Бұл Windows операциялық жүйесінің векторлық форматы. Онда барлық векторлық суреттер программадан программаға ауыстыру буфері арқылытасымалданған кезде конверттеледі. WMF форматының көмегімен векторлық картографиялық суреттерді Windows – тың офистік қосымшаларына экспорт жасағанда қолданылады.

Кемшілігі: полиграфияда қолданылатын стандартты түстік палитрамен жұмыс істеу мүмкіндіг жоқ.

CDR (CorelDraw Document) форматы. Ол – танымал Corel Draw графикалық редакторынын жұмыс форматы. Формат векторлық растрлық графиканы және мәтін жазуға мүмкіндік береді. CDR файлдарының жұмыс алаңы – 45 метр, мысалы сыртта ілінетін жарнамаларды құруға қолданылады. CDR форматының кемшілігі, талап ететін жадының үлкен көлемі және әртүрлі версия форматтарының үйлесімсіздігі.

AI (Adobe Illustrator Document) форматы. Бұл Adobe Illustrator графикалық пакетінің негізгі форматы. АІ форматы CDR форматына қарағанда әлсіздеу. Онда тек қана бір рет қана сақталады. Оның жұмыс алаңы – 33 метр. Ол барлық басылымдық – полиграфиялық қосымшаларда қолданылатын Adobe фирмасының Post Script тілімен үйлесімді.

EPS (Encapsulated Post Script) форматы. Файл атының кеңейтілуі .EPS. Ол Post Script тілінде векторлық және растрлық суреттерді сипаттау форматы, сонымен қатар әмбебап формат. Графикамен жұмыс істейтін барлық программалар бұл форматтағы файлды сақтай және оқи алады. EPS форматында бірмезгілде векторлық, растрлық графика, түстер, қаріптер сақталады. EPS форматы растрлық суреттермен шектелген векторлық контурды да сақтай алады. Фотосуретті кез-келген формада,мысалы овал түрінде алуға болады.Ол үшін EPS форматы экранда векторлық графиканы шығару үшін WMF форматын,ал расторлық графиканы шығару үшін TIFFматын қолданады.Бірақ экрандағы көшірмеде нақты суретті жалпы кескінде береді,бұл EPS форматының кемшілігі болып табылады.

PDF (Portable Document Format) форматы. PDF (Portable Document Format) (файл атының кеңейтілуі. PDF) форматын Adobe фирмасы ұсынған. Онда векторлық және растрлық суреттер, әр түрлі қаріптер жиынынан тұратын мәтін, гипермәтіндік сілтеме сақталады.Бұл форматпен жұмыс істеу үшін Adobe компаниясы Acrobat пакетін шығарды. Acrobat Reader тегін утилитасы құжатты оқуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді,бірақ құжатты құруға және жөндеуге болмайды. Көптеген программалар (AdobePageMaker,CorelDrow,FreeHand) өз құжаттарын PDF-қа экспорттауға мүмкіндік береді.Мысалы, CorelDrow –да-CDR, Adobe Photostop-та-PSD, Paint (стандартная программаWINDOWS)- BMP.Суретті файлда сақтау үшін оның форматының типін көрсету керек. Мысалы CorelDDRAW-да (Export/Экспорт)командасы қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет