Дәріс тақырыбы 14. Сыртқы нәтижелер және мәліметтің үйлесімсіздігі 1. Айқынсыздық және тәуекел.
2. Ақпараттардың ассиметриялығы.
3. Спекуляция және оның экономикадағы ролі.
4. Инвестициялық портфельді диверсификациялау.
1. Айқынсыздық жағдайында қабылданған шешімдер тәуекелмен байланысты. Тәуекел- бұл кез-келген әдіспен бағалауға болатын ықтималдылық. Ал айқынсыздық - бағалануы мүмкін емес жағдай.
Тәуекелдің мәнін нольге жеткізу мүмкін емес, алайда оны төмендетуге болады.
Тәуекелді төмендетудің төмендегідей тәсілдері болады:
1) тәуеклді диверсификациялау;
2) тәуекелді біріктіру немесе сақтандыру;
3) тәуекелді бөлу;
4) ақпарат іздестіру.