Ақпараттыіздестіру әдісі арқылы да тәуекелді төмендетуге болады. Өйткені ақпараттың жетіспеуі бизнестегі қате шешімдердің қабылдануына әкеледі.
2. Біз ақпараттық ассиметриялығына күн сайын тап боламыз. Ақпараттардың ассиметриялығы дегеніміз - нарықтық мәмілеге қатысушылардың бір бөлігі маңызды ақпаратқа ие болып, екінші бөлігінде мұндай мүмкіндіктің болмайтыны орын алатын жағдай. Мысалы, ойын бизнесін ұйымдастырушылар бұл бизнестегі құпияны ойыншыларға қарағанда жақсы біледі, тауарды сатушылар тауар сапасы жөнінде сатып алушыларға қарағанда жақсы біледі, сақтанушылар сақтандыру объектісі туралы сақтандыру компанияларына қарағанда толық ақпаратқа ие. Сатушылар өз іс-әрекеттерінің шынайы мақсатын жиі жасырып, пайда көру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.
Сақтандыру нарығында сапа туралы ақпарат сақтандыру полистерінің сатып алушыларының қолында болады. Индивидтің мүмкін болатын зиянды сақтандыру компаниялары толықтай өтейді деген мақсатпен зиянның ықтималдығын қасақана, саналы түрде арттыруы моральдық тәуекел деп аталады. Мысалы, автокөлігін сақтандырғандар сақтандырудың қарапайым шараларын да жасамайды, сөйтіп оларды ұрлау ықтималдығы артады.
Сақтандыру компаниялары моральдық тәуекелді төмендету жұмыстарын жүргізеді:
кандидаттарға жан-жақты іріктеп, оларды тәуекел топтары бойынша жіктейді;
жоғары тәуекелді клиенттер тобымен сақтандыру келісім-шартына отырмайды(нашақорлармен, бұрын алкогольді ішімдік ішіп көлік жүргізіп ұсталған жүргізушілермен)
зиянның бір бөлігін ғана төлейді.
Ақпарат айқынсыздығы мен моральдық тәуекелмен күресу шараларының бірі - нарықтық белгі.Фирма беретін кепілдіктер, фирма маркасы, фирмалық белгі, жұмысқа қабылданушының білім деңгейі нарықтық белгі болып табылады. Бұрын тұтынып көрмеген тауарды алдық немесе бұрын тамақтанып көрмеген мейрамханаға кірдік делік. Бірақ біз тауардағы фирмалық белгі немесе мейрамхананың танымал компанияға тиесілі болуы нарықтық сигнал болып табылады. Ақпараттың ассиметриялығын тез жоюға мүмкіндік беретін нарық түрі аукцион болып табылады. Аукцион ақпараттардың ассиметриялығынан басталады. Аукционға қатысушылар өздерінің потенциалды мүмкіндіктерін жақсы білгенімен бәсекелестерінің потенциалды мүмкіндіктері туралы көп білмейді. Аукционның түрлері: ағылшындық, голландық, жабық аукцион.