4.Егер бюджеттік шектеу сызығын талғаусыздық қисық сызықтар картасына көшірсек, тұтынушының тепе-теңдік моделін (үлгісін) аламыз (4.2 сурет). Алынған графиктегі Е нүктесі – бюджеттік сызық сәйкес талғаусыздық қисық сызығына тиіп тұрған нүкте. А және В нүктелері тепе-теңдік шартын қанағаттандырмайды, өйткені олар құрылымы бойынша оңтайлы емес жиынтықтарды ұсынады. Тұтынушы үшін оңтайлы, оның бюджетіне сәйкес, қолы жететін жиынтықта Х тауарлардың ХЕ бірлігі және Y тауардың YЕ бірлігі бар. Талғаусыздық қисық сызығының және бюджеттік сызықтың еңкіштік бұрыштары Е нүктесінде дәл келеді. Бюджеттік сызықтың еңкіштігі РХ /РY тең болғандықтан, ал талғаусыздық қисық сызығының еңкіштігі MRSXY тең, тұтынушының тепе-теңдік шарты келесі болады:
РХ /РY = MRSXY
Y U1 U2 U3 •A •B
Е
YE XE X
4.2 сурет. Тұтынушының тепе-теңдік моделі (үлгісі)