Қалдық тастағаны үшін төлемдер – фирмадан қоршаған ортаға тасталған зиянды заттың әр бірлігі үшін төленетін төлемдер. Бұл зиянды заттың жалпы көлемінің азаюына жағдай жасайды, алайда қоршаған ортаны ластау стандарттары сақталмауы мүмкін.
Соңғы кезде қоршаған ортаны ластау құқықтарын сату әдісі қолданылып келеді. Мемлекет белгіленген аймақтағы зиянды заттар тастау нормасын анықтайды да оның көлемін лицензия түрінде аукционда сатады. Кей кездері оны қоршаған ортаны қорғау қоғамы сатып алуы да мүмкін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары Жеке пайдалар (шығындар) және сыртқы пайдалар (шығындар) деген не? Қоғамдық пайдалар (шығындар) қалай анықталады?
Жағымсыз сыртқы әсер деген не? Жағымды сыртқы әсер деген не? Олардың салдары қандай болады?
Коуз теоремасын ашыңыз (түсіндіріңіз).
Меншік құқық нарығының құру механизмін және салдарын ашып көрсетіңіз.
Тесттер 1. Сыртқы әсерлер пайда болады... а) нарық тепе-теңдік салдарынан
б) өндірістің қоршаған ортаға келтіретін зиянның салдарынан
в) нарық бағаларына қосымша пайдалар мен шығындардың кірмейтіндігінен
г) фирмалардың нарық билігінен
2. Төменде келтірілген сыртқы әсерлерден жағымдылары: а) мұнай саңылауында бұрғылау технологиясын бұзу нәтижесіндегі Каспий теңізінде мұнайдың кемуі
б) химия комбинатымен қоршаған ортаны ластау
в) қораларын тазартқаннан кейін науарларды өзенге тастауы
г) тұрғындарды егу
д) экономиканың милитаризациясына мемлекет шығындарын көбейту
3. Сыртқы әсерлер әкеледі... а) ресурстарды нәтижесіз үлестіруіне
б) бәсекелестің шарттарын бұзуына
в) тұтынушы артығын өндіруші алып қоюына
г) нарық билігінің пайда болуына