Портфельді диверсификациялау - инвестицияны бірнеше тәуекелді активтер арасында бөлуге бағытталған әдіс. Бағалы қағаздарға инвестиция салғысы келетін кез-келген кәсіпорын әр түрлі кәсіпорынның бағалы қағаздарынан және бағалы қағаздың әр түрлі типтерінен алғаны дұрыс. Өйткені бір бағалы қағаздан дивиденд алынбаса, екіншісінен алынуы мүмкін. Сөйтіп бұл кәсіпорнының бағалы қағаздан болатын тәуекелін төмендетуге жағдай жасайды. 1981 жылы АҚШ ғалымы Джеймс Тобин портфельді диверсификациялау мәселелері бойынша жасаған жұмысы үшін Нобель сыйлығын алды.