3. Кейінен қымбатырақ бағамен сату мақсатында тауарды сатып алу қызметі спекуляция ( алып-сату) деп аталады. Спекуляцияны ХVІ-ХVІІ ғасырда меркантелистер ашқан: А-Т-АІ (ақша-тауар-үстеме ақша). Спекуляциямен айналыса отырып, субъект өз мүдесін ойлайды. Алайда, оның пайдалы тұстары да бар. Мысалы, егін жақсы шыққан кезде саудагер астық өнімдерін сатып алды делік. Қуаңшылық кезде астықтың қымбат бағамен болса да сатылғандығы тиімді емес пе? Немесе біліктілікті көтеру мақсатында оқуға ақша төлейміз және болашақта қымбат бағаға өз еңбегімізді сатамыз- бұл да спекуляцияның мысалы.
Фьючерс-болашақта белгіленген уақытта алдын -ала белгіленген баға бойынша тауардың белгілеген көлемін сату туралы мерзімдік келісім-шарт. Қандай да бір өнім өндірумен айналысатын кәсіпкер бағаның кенеттен өзгеруінен сақтануға тырысады. Фьючерстер нарығы 70-ші жылдардың соңында, 80-ші жылдардың басында дами бастады. Бастапқыда тауар нарығын қамтыса, кейіннен қор нарығында да таралды.
Опцион-фьючерстің бір түрі. Опцион бойынша бір жақ болашақта алдын-ала келісілген баға бойынша тауарды сатып алу немесе сату құқығына ие болады. Мұндай құқыққа ие болу үшін ол сыйақы төлеуі қажет.
Опцион тұлғаға белгіленген мерзім келгенде тауарды сатып алуға мәжбүрлемейді, тек құқық ғана береді. Егер баға көтерілсе, оны тұлға сатып алады. Ал баға төмендесе немесе өзгермесе, ол сатып алмауы мүмкін. Бұл жағдайда ол сыйақы төлеуі тиіс.
Фьючерстер нарығы мен опциондар нарығында бір тәуекелді екіншісі арқылы төмендету үшін қолданылатын операция хеджирлеу деп аталады.
4. Активтер - өз иелерін тікелей төлем түріндегі және жасырын төлем түріндегі ақшалай табыспен қамтамсыз ететін құралдар. Тікелей төлемдерге пайда, дивиденд, рента т.с.с. жатады. Жасырын төлемдерге фирма құнының, жылжымайтын мүліктің, акцияның т.с.с.құнының артуы жатады.
Активтер тәуекелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуекелсіз активтер- көлемдері алдын-ала белгілі ақшалай түсім беретін активтер. Тәуекелді активтер - табысы белгілі бір жағдайлардан тәуелді активтер. Тәуекелді активтің бағалары тәуекелсіз актив бағаларынан төмен болады. Жай акцияны тәуекелді активке, ал артықшылығы бар акция мен облигацияны тәуекелсіз активке жатқызуға болады. Жай акция иелерінің алатын дивиденді акционерлік қоғамның табыстылығына, қаржылық жағдайына тәуелді.