Бақылау сұрақтары «Табыс-тұтыну» қисығының мәнін түсіндіріңіз
Энгель қисығы мен «табыс-тұтыну» сызығының айырмашылығы неде?
«Баға-тұтыну» қисығының мәні неде және оның сұраныс қисығымен байланысын көрсетіңіз
Ауыстыру әсері мен табыс әсерінің сұранысқа ықпалы қандай?
Сұраныс заңының парадоксын түсіндіріңіз
Гиффен тауарларына мысал келтіріңіз
Тесттер «Табыс- тұтыну» қисығы:
A) әрқашанда жоғары қарай оңға бағытталады
B) әр түрлі табыс деңгейіне сәйкес келетін барлық теңсіздік тауарлар жиынын байланыстырады
C) тұтынушының талғамы мен қалауларына тәуелсіз
D) табыс өскен кезде ауыстырудың шекті нормасы оның бойымен өсетін қисық
E) табыс өскен кезде ауыстырудың шекті нормасы оның бойымен кемитін қисық.
2. Энгель қисығы нені көрсетеді?
A) Біреуінің бағасы өзгерген жағдайдағы екі түрлі тауардың көптеген теңдестік комбинациясын.
B) Табыс өзгерген жағдайдағы екі түрлі тауардың көптеген теңдестік комбинациясын.
C) Тарату көлемінің бағаға тәуелділігін.
D)Сатып алынатын тауарлардың тұтынушының ақшалай табысынан тәуелділігін.
E)Тарату көлемінің 1пайыздық баға өзгерісінен тәуелділігін.
3. Қандай қисықтың негізінде тауарға деген жеке сұраныс сызығын салуға болады:
бюджет сызығы
«баға-тұтыну» қисығы
C) Энгель қисығы
D) «табыс-тұтыну» сызығы
4. «Гиффен парадоксы» нені білдіреді?
А) бағаның өсуінің сұранысты арттыруын
В) құнды тауарларға деген сұраныстың өсуін
С) сату көлемі өсетін игіліктерге деген кейбір тұтынушылардың сұранысты арттыруын
D) игілікті басқа тұтынушылар көбірек алған кездегі сұраныс көлемінің азаюын
5. Көпшілікке еру әсері нені білдіреді?
А) жалпы сату көлемі өскендегі тұтынушылардың игілікке деген сұранысының артуын
В) құнды тауарларға деген сұранысты
С) бағаның өсуінің сұранысты арттыруын
D) игілікті басқа тұтынушылар көбірек алған кездегі тұтынушының сұраныс көлемін азайтуын