Бақылауға арналған сұрақтар 1. Сұраныс деген не? Сұраныстың функциясы? Сұраныс заңының және сұраныс заңдар парадоксының (оғаш пікірінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
2. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз. Ұсыныс қисық сызығы және оның пішіні.
3. Нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі). Вальрас бойынша және Маршалл бойынша теп-теңдік.
4. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
5. Тұтынушы мен өндірушінің артығы дегеніміз не? Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу шаралары оларға қалай әсер етеді?
P D S
8
2
12 20 Q
а) сұраныс пен ұсыныстың теңдеуін жасаңыз
б) сатушы мен сатып алушының және қоғамдық пайданың ұтыс шамаларын анықтаңыз.
в) 2 доллар шамасында тауар салығын енгізу нәтижесін графикте көрсетіңіз.
г) салық енгізгеннен кейінгі сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік бағаларын анықтаңыз.
д) мемлекет алатын салықтың жалпы сомасын есептеңіз.
е) салық енгізуден сатушы мен сатып алушының ұтысын анықтаңыз.