2. Ұсыныс артығы әдетте: а) бағаның көтерілу жағына ықпал жасайды
б) бағаға ешқандай ықпал көрсетпейді (жасамайды)
в) бағаның төмендеу жағына ықпал етеді
г) сұраныс көлемін үлкейтеді
д) сатып алушыларды тауар сатып алуға ынталандырады
3. Тауар тепе-теңдік бағасы Р дейік. Егер мемлекет бағаның төмеңгі деңгейін 2Р деп белгілесе, нәтижесінде: а) тауарға ұсыныс азаяды
б) тауар артығы пайда болады
в) ұсыныс қисық сызығы оңға жылжиды
г) барлық жауаптар дұрыс
д) дұрыс жауап жоқ
4. Тауарға сұраныс азайды, сонымен бірге тауарға ұсыныс көбейді. Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік санға бұл қандай әсер етеді: а) тепе-теңдік сан азаяды, ал тепе-теңдік бағаның өзгеруін болжау қиын
б) саны азайып, бағасы көтеріледі
в) саны көбейіп, бағасы төмендейді
г) бағасы төмендеп, саны көбееді не азаяды