Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Дәріс 13 Жалпы тепе – теңдік және экономикалық тиімділік



бет65/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)

Дәріс 13 Жалпы тепе – теңдік және экономикалық тиімділік.

1. Жалпы тепе – теңдікті талдау.


2. Айырбас тиімділігі.


1. Осыған дейінгі тақырыптарда тұтынушы іс - әрекеттері мен фирма қызметі, тұтыну тауарлары нарығы мен өндіріс факторлары нарығы қарастырылды. Жеке нарықта қалыптасатын теңдестік жеке тепе – теңдік деп аталады. Алайда нақты өмірде нарықтар бір – бірімен өзара байланысты, бір нарықтағы баға екінші бір нарықтардағы бағаға әсер етеді. Егер бір нарықтағы сұраныс немесе ұсыныс өзгерісі басқа нарықтардағы теңдестік баға мен өндіріс көлемдеріне ықпал етіп, жаңа теңдестікті қалыптастыратын болса, бұл жалпы тепе – теңдік деп аталады.
Жалпы тепе – теңдік кезінде бір нарықтағы өзгеріс басқа нарықтарға әсерін тигізеді. Бұл, әсіресе, тауарлардың өзара толықтырылуымен және өзара ауыстырылуымен байланысты. Жалпы тепе – теңдікті талдау келесідей төрт сатыны қамтуы тиіс.
- бір нарықтағы бастапқы өзгеріс;
- өзара ауыстырушы нарықтардағы өзгеріс;
- өзара толықтырушы нарықтардағы өзгеріс;
- кері байланыс әсері.
Жалпы тепе – теңдікті түсіну үшін мынадай мысалды қарастырайық. Жаңа автомобильдің бағасы қымбаттады делік. Бұл автомобильге деген сұраныстың және бензинге деген сұраныстың азаюына әкеледі. Тұтынушылар жаңа автомобильдің бағасы қымбаттағандықтан оны басқа тауарлармен алмастыруға тырысады. Сөйтіп мотоцикл немесе ескі автокөлік нарықтарында сұраныс артады. Ескі көлікке деген сұраныстың артуы қосалқы автокөлік бөлшектеріне және жөндеу қызметіне деген сұраныстың көбеюіне әкеледі. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін сұранысты ынталандыру мақсатында жаңа автокөліктің сатушылары өнімдерінің бағасын түсіре бастайды. Сөйтіп бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі бірнеше нарықтың өзгеруіне және сол нарықта жаңа тепе – теңдіктің қалыпасуына әкелді. Бір нарықтағы өзгерістің өзара байланысты басқа нарықтарға әсер ету арқылы бастапқы нарықта жаңа теңдестікті қалыптастыру әрекеті кері байланыс әсері деп аталады.
Жалпы тепе – теңдікті (экономикалық тепе – теңдікті) швейцар экономисті Леон Вальрас теңдіктер жүйесінің көмегімен түсіндірді. Нарықтық экономикада баға өндірілетін өнім көлемін анықтайды, ал өндіріс көлемі бағаны анықтайды. Ресурстар бағасы тұтыну тауарларының бағаларынан тәуелді, яғни экономикадағы өзара тәуелділік шеңбер тәрізді. Бұл шеңберден шығу үшін Л.Вальрас теңдіктер жүйесін бір мезгілде шешуді ұсынады. Мысалы, нарықта 10 000 түрлі тауар сатылады және елдегі нақты активтер көлемі (В) мен қолма-қол ақшалар қоры (М) белгілі делік. Теледидар осы тауарлардың арасында 10 – шы позицияда тұрса, оған деген сұраныс келесідей түрде болады:
Q10=D10 (P1, P2, ... P10000, B, M),
мұндағы Q10 – сатылған теледидар саны
D10 – теледидарға деген сұраныс функциясы
P1, P2, ... P10000 – басқа 10000 тауар мен қызметтер бағасы.
Теледидардың ұсынысы:
Q10=D10 (P1, P2, ... P10, B, M)
Осы сияқты барлық 10 000 игілік үшін теңдеулер жүйесін алуға болады:
D1 (P1, P2, ... P10. 000, B, M)=S1 (P1, P2, ... P10. 000, B, M);
D2 (P1, P2, ... P10. 000, B, M)=S2 (P1, P2, ... P10. 000, B, M);
D10. 000 (P1, P2, ... P10. 000, B, M)=S10. 000 (P1, P2, ... P10. 000, B, M).
Тауардың бағаларының нақты мәнін қойып, тауарлар мен қызметтер сұранысы мен ұсыныстың көлемін табуға болады.
Жоғарыда қарастырылған теңдеулер жүйесі жалпы тепе – теңдіктің теңдеулер жүйесі деп аталады. Л. Вальрастың моделі нақты өмірден алшақтау, ақпараттар толық белгілі болған жетілген бәсеке нарығына тән жағдайды көрсетеді. Ол нарықтың жағдайда.
2. Экономикалық агенттер арасында игіліктер тиімді бөлінбеген жағдайда оларды айырбастау арқылы қайта бөлуге болады. Мынадай мысалды қарастырайық. Асан мен Үсенде жалпы саны 11 таспа мен 9 кітап бар. Бұл игіліктер бірыңғай бөлінбеген: Асанда 8 таспа мен 2 кітап, Үсенде 3 таспа мен 7 кітап бар. Асан үшін таспаны кітаппен алмастырудың шекті нормасы MRS =1/3 делік, яғни Асан 1 кітап үшін 3 таспа беруге дайын, 1 кітап = 3 таспа.
Керісінше, Үсен 3 кітапқа 1 таспа береді, яғни Үсен үшін 3 кітап =1 таспа. Байқап отырғанымыздай, Асан үшін кітаптың, Үсен үшін таспаның құндылығы жоғары. Егер Асан мен Үсен үшін екі игілікті алмастырудың шекті нормалары тең болғанда немесе екі игіліктің құндылықтарының қатынастары тең болған кезде тауарлар тиімді бөлінеді:
MRSx,Аy = MRSx,Мy,
мұндағы х – таспа
у – кітап

немесе (таспа құндылығы/кітап құндылығы)А = (таспа құндылығы/кітап құндылығы)М.


Екі экономикалық агенттің арасында игіліктерді айырбастау тиімділігін түсіндіру үшін «Эджуорт(Эджворт)қорабын» қолданамыз. Ағылшын экономисті Фрэнсис Эджуорт өзінің «Математикалық психология. Математиканы моральдық ғылымдарға қолдану туралы эссе» кітабында айырбас процесіне талдау жасау әдісін ұсынған.
Тік төртбұрышты қарастырамыз. Оның сол жақтағы төменгі бұрышы Асанның, оң жақтағы жоғарғы бұрышы Үсеннің координаталары жүйесінің басы деп есептейміз. Төмендегі горизонталь осьтің бойына Асанның таспаларының санын, сол жақтағы вертикаль осьтің бойына Үсеннің кітаптарының санын саламыз. Жоғары горизонталь осьтің бойына Үсеннің кассеталары санын, оң жақтағы вертикаль осьтің бойына оның кітаптарының санын көрсетеміз. Горизонталь осьтердің ұзындығы таспалардың жалпы санына (11 дана), ал вертикаль осьтердің ұзындығы кітаптардың жалпы санына сәйкес келеді
Айырбасқа дейінгі жағдай А нүктесінде болды. Айырбас жасалғанынан кейін жағдай В нүктесіне ауысты.
«Эджуорт қорабын» пайдалана отырып келісім-шарттар қисығын (11.1-сурет) салуға болады. Келісім – шарттар қисығы дегеніміз – екі экономикалық игілікті екі тұтынушы арасында бөлудің тиімді көптеген нұсқаларын көрсететін сызық. Бұл сызық екі экономикалық агенттің көптеген талғамсыздық қисығының жанасу нүктелерін қосқан жағдайда пайда болады.
Келісім – шарттар қисығы экономикалық агенттердің игіліктерді одан әрі айырбастауы тиімсіз әрі мүмкін еместігін көрсетеді.
Бір тұлғаның жағдайын төмендетпей тауарды қайта бөөлу мүмкін еместігін көрсететін жағдай Парето тиімділік деп аталады. Мұны итальяндық экономист Вальфредо Парето ұсынған.
Айырбасқа дейінгі жағдай А нүктесінде болды. Айырбас жасалғанынан кейін жағдай В нүктесіне ауысты.
«Эджуорт қорабын» пайдалана отырып келісім-шарттар қисығын (11.1-сурет) салуға болады. Келісім – шарттар қисығы дегеніміз – екі экономикалық игілікті екі тұтынушы арасында бөлудің тиімді көптеген нұсқаларын көрсететін сызық. Бұл сызық екі экономикалық агенттің көптеген талғамсыздық қисығының жанасу нүктелерін қосқан жағдайда пайда болады.
Келісім – шарттар қисығы экономикалық агенттердің игіліктерді одан әрі айырбастауы тиімсіз әрі мүмкін еместігін көрсетеді.


11.2 – сурет. Келісім – шарттар қисығы.

Бір тұлғаның жағдайын төмендетпей тауарды қайта бөлу мүмкін еместігін көрсететін жағдай Парето тиімділік деп аталады. Мұны итальяндық экономист Вальфредо Парето ұсынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет