Өріске енгізілетін өріс типі мәліметтер типін анықтайды. Тип Туре бағанына енгізілетін тұрақытмен беріледі. Өріс типі онда орналасқан ақпараттың типімен анықталады. Өріс типтері мен оларға сәйкес тұрақтылар төмендегі кестеде көрсетілген.
Мәліметтер қоры қосымшасымен жұмыс жасауда қолданылатын компоненттер.
Delphi жүйесінде мәліметтер тобы дегеніміз бір немесе бірнеше кестеден тұратын жазбалар жиынын айтамыз.
МҚ-ымен жұмыс жасауға арналған Delphi компоненттері визуалды және визуалды емес болып екіге бөлінеді.
Визуалды емес компоненттер кестелердегі мәліметтермен байланыс орнатуға арналған. Олар МҚ кестесінің мәліметтері мен визуалды компоненттер арасындағы аралық түйін болып табылады. Визуалды компоненттер қосымшаның интерфейстік бөлігін құруға арналған. Олардың көмегімен қолданушы МҚ кестесіндегі мәліметтерді көре алады және өңдей алады.
МҚ-мен жұмыс жасауға арналған компоненттер BDE, Data Access, Data Controls, Decision Cube және Qreport компоненттер палитраларының парақтарында орналасқан. Олардың кейбіреулері клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасауға арналған.
BDE, Data Access-тегі визуалды емес, Data Controls парағында мәліметтерді басқаруға арналған визуалды компоненттер орналасқан.
Midas парағындағы визуалды компоненттер қашықтықтағы МҚ-н басқару үшін қолданылады.
Qreport парағындағы компоненттер есеп беруді құруға мүмкіндік береді. Мәліметтер қорына енуді TDataSet класы қамтамасыз етеді. Кестедегі
МҚ-ның орнын DataBaseName қасиеті анықтайды. МҚ-на амалдар орындау үшін МҚ-на енудің екі әдісі қолданылады:
Навигациялық әдіс;
Реляциялық әдіс.
Енудің навигациялықәдісідеп мәліметтер тобының әр жеке жазбасын өңдеуді айтады. Ол локальді МҚ-на немесе қашықтықтағы шағын МҚ-на қолданылады. Енудің навигациялық әдісінде әрбір мәліметтер тобының ағымдағы жазбасында көрінбейтін көрсеткіш болады. Көрсеткіш реакцияланатын немесе жою операциялары орындалатын жолды көрсетеді. Енудің реляциялықәдісіжазбалар тобын өңдеуге негізделген. Егер бір жазбаны өңдеу қажет болса да, негізінен жазбалар тобы өңделеді және олар бір жазба ретінде қарастырылады. Енудің реляциялық әдісі SQL сұранымдарға негізделген.
20-сурет. Мәліметтер қорына ену мүмкіндігініңәрекеттері.
Table компоненті, ерекшеліктері.
Table компоненті навигациялық тәсілмен жұмыс жасауға негізделген. Table мен кесте арасындағы байланыс TableName, DataBase қасиеттері арқылы орнатылады.
BDE арқылы Delphi жергілікті кестелерді көпшілік қолданады деген принцип орнатады. Ал, қолданушыға жазбаларды өзгертуге рұқсат етілмесе, оның ReadOnly қасиетіне true мәнін меншіктету керек. Exclusive: boolean типті қасиеті арқылы кестені қолдану режимін өзгертуге болады. Егер ол true мәнін меншіктесе, онда кестені тек бір қосымшада ғана қолдануға болады. Exclusive қасиетін өзгерту үшін мәліметтер жиынтығы жабық, яғни кестемен байланыспаған болуы тиіс.
Монополиялық режим AddIndex және DeleteIndex әдістерімен индексті анықтауда немесе EmptyTable әдісімен кестені тазатқанда қажет. Table мәліметтер жиынтығында индексті орнату арқылы мынадай амалдарды орындауға болады:
жазбаларды сұрыптау;
жазбаларды іздеу;
кестелер арасында байланыс орнату.
Мәліметтер жиынтығында ағымды индексті IndexName немесе string типті IndexFieldNames қасиеті арқылы орнатуға болады. Мұндағы IndexName қасиетінде кесте құру барысында анықталған индекс аты көрсетілсе, IndexFieldNames қасиетінде – индекс құрылған өрістер аттары көрсетіледі.
Мәліметтержиынтығырежимдері.Мәліметтер жиынтығы әртүрлі режимде болуы мүмкін. Ағымды режим State қасиетімен анықталады. Ол қосымша орындалу барысында оқуға ғана ашылады. Мәліметтер жиынтығын басқа режимге ауыстыру арнайы әдістермен орындалады. Мәліметтер жиынтығы төмендегідей режимде бола алады:
dsiactive – мәліметтер жиынтығы жабық, екпінді емес;
dsbrowse – қарау режимі, бұл режимге мәліметтер жиынтығы мынадай жағдайларда көшеді:
а) dsiactive режимінен Active қасиеті true мәнін қабылдағанда; б) dsedit режимінен Post немесе Cancel әдістерін шақырғанда; в) dsinsert режимінің Post немесе Cancel әдістерін қолданғанда;
dsedit – ағымды жазбаны өңдеу режимі, бұл режимге мәліметтер жиынтығы dsbrowse режимінен edit шақырғанда ауысады.
dsinsert – жаңа жазба қосу, бұл режимге мәліметтер жиынтығы dsbrowse режимінен insert, insertrecord, append немесе appendrecord әдістерін шақырғанда ауысады.
dssetkey – жазбаны іздеу режимі (шартты қанағаттандыратын).
dsfilter – жазбаларды електен өткізу орындалады, бұл режимге
OnFilterRecord жағдайы орындалған сайын ауысады.
Программа орындалу барысында мәліметтер жиынтығы режимін State қасиеті арқылы таңдауға болады, яғни DataSourse үшін режим өзгерген сайын OnStateChange жағдайы орындалады.