Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


«Жәдитшілдік» ілімінің қазақ зиялы қауым өкілдері арасында таралуы



бет13/52
Дата02.01.2022
өлшемі174,91 Kb.
#107802
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
дәрістер жинағы (1) (1) (2) (1)

«Жәдитшілдік» ілімінің қазақ зиялы қауым өкілдері арасында таралуы. Қазақ халқының арасынан сауатты, ел болашағы үшін ненің пайдалы, ненің зиян екенін пайымдай білген зиялылар аз шықпағанына тарих куә. Алаштың мұндай оқығандарының ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту («жәдитшілдік») жолы еді. «Жәдитшілдік» араб тілінен енген, жадид ‒ жаңа, жаңашыл деген мағынаны білдіреді.

Қазақ даласына бұл жол қырымдық татарлардың көрнекті ғалымы Ысмайыл Ғаспыралы (Исмаил Гаспринский) «Тәржіманы» арқылы тартылды деуге болады. Алаш қайраткерлері Батыс пен Шығысты тең ұстаған, ғылыми исламды өміріне азық еткен Исмаил Гаспринскийді үлгі тұтты. Ысмайыл Гаспыралы немесе Исмаил Гасприн­ский – ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысындағы бүтін түркі дүниесіне, жалпы адамзатқа ортақ аса ірі қай­рат­кер, қаламгер, жазушы, ойшыл, ағартушы. Оның жаңашылдығы, түркі-мұсылмандар арасындағы ағартушылық-реформалық бастамалары сол кездегі ортақ отанымыз бен шетелдердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.



Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз. Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында ашылған Татар медреселерінде білім алулары ХVІІІ-ғасырдың соңғы жылдарында басталды. Медреседе ХІХ ғасырдың бастарында көптеген қазақ жастары білім алды. Осы уақыттарда Еділ- Орал аймағындағы Мұсылман дін адамдарының басқаруымен жүргізілген білім беру жүйесі Орыс үкіметінен ешқандайда көмек алмай өз күшімен өркендеген болатын. Орыстар Христиан қыла алмаған Татар және Башқұрт халықтарын еркін жіберуді ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына тапсырған болатын. ХІХ ғасырдың соңына дейін жалғасқан осы саясаттың арқасында әр ашылған мешіттің қасынан медресе ашылды.Ресей ішкі істер министрлігінің назарында болған медереселердің ішінде Ресулие медресесі, Құсаиния медресесі және Ғалия медресесі болған. Осы аталған медреселер ең көп қазақ жастарының шоғырланған жері болды. Ресулие медресесі Тройцк қаласында ашылған. Директоры әйгілі дін адамы Шейх Зейнуллах Ресули. 1884 жылында ашқан медреседе татар, башқұрт және қазақ жастары білім алды. Сол дәуірдің жәдидшілдерінің бірі болған Ресули медреседе жаңа педагогикалық білім беру жүйесін құрды. Медресенің білім беру жүйесіне Ыбырай Алтынсарин және Қазақтың бай саудагерлері де оң қабақ танытқан. Зерттеуші Жемаладдин Велидов Ресулие медресесінде білім алған оқушылардың 10% қазақ және башқұрт оқушыларынан құралғанын айтады. ХХ-ғасырдың басында Қазақстан ақпарат құралдарының арасында маңызды орны бар «Айқап» журналының шығарушысы Мұхаметжан Сералин және Екрем Алиев осы медреседе білім алған. Қазақ мәдениетіне әсер еткен тағы бір медресе Ахмет Құсайыновтың Орынбордан ашқан медресі. Медресе 1890 жылы ашылған. Құсаиния медресесінде тек қана діни сабақтар емес, тарих, география, химия, зоология, Түрік және Орыс тілдері де оқытылған. Медресені Орыс мектептерімен жарысатындай дәрежеге жеткізген Құсаиния медресеге дәріс беру мақсатында сол дәуірдің атақты оқытушыларын жинап медресенің атын шығарған. Аталған медреседе дәріс алған Қазақ оқушыларының арасында Құдайберген Жұбанов, Шамғали Сарыбаев, Жұмабай Оразалин, Елемес Керменов, Хайреттин Балғынбаев, әйгілі әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллин. Қазақ оқушыларының ең көп шоғырланған медресесі Ғалия медресесі.Медресе Еділ – Орал аймағының жәдитші дін адамы Зиаддин Кемали (1873-1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 10 қазан 1906 жылы құрылған медресе “Медресе-и Алие-и Діние” атымен ресми түрде ашылған. Кемали бір жағынан медреседе директорлық қызметін атқарса, бір жағынан хадис, тәбсір, сүннет және психология сабақтарын оқытқан. Дін сабақтарымен қатар математика, физика, химия және жаратылыстану пәндері оқытылған. Жәдитше білім берудің алғашқы құрушыларының бірі болған медреседе 1909жылы мен 1916 жылдар арасында 154-ге жуық қазақ жастары білім алған. Осы жастардың арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали Арабаев, Мұстафа Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев т.б білім алған.

Өз халқын тура жолдан тайдырмауды ойлаған, елін жарқын болашаққа жетелеген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов секілді патша өкіметінің саясатына қарсы тұруға шақырған прокламация жазғанын үлкен ерлік деп бағалауымыз қажет. Қазақ зиялыларының идеясы орыстандыру саясатына жасаған қарсылықтары нақты фактілермен дәлелденген. Соның бірі 1902 жылы ендірілген «крестьян начальнигі» жүйесіне, елдегі ресми мектептердегі араб тілі мен жазуын қолдануға тыйым салынуына қарсылық білдіргендігі еді.

Біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ оқығандарын негізінен екіге бөліп қарастыруға болады: біріншісі ‒ «батысшылдар», яғни орыс әдебиетін оқып өскендер, батыс мәдениетімен халқын ағартқысы, елін көркейткісі келгендер, бұлар дінді екінші кезекке қойды. Екіншісі ‒ «түрікшілдер», бұлар дінді бірінші кезекке қойып, ғылым, білім мен дінді біртұтас деп қарады.

«Жәдитшілдік» дегеніміз ‒ ислам дінінің негізінде ғылым-білімді дамыту, халықты оқыту. Сондай-ақ «жәдитшілдік» жаңа дүние ғылымдарын яғни физика, химия, астрономия, биология т.б. меңгеріп, заманға сай жан-жақты білім алуды уағыздады. Бұл ХІХ-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің еңбектерінен байқалды. «Жәдитшілдік» бағыт негізін салушы Шаһабуддин Маржани болды. Оның ізбасары И.Гаспринский еді. Қазақ зиялы қауым өкілдері И.Гаспринский еңбектері мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше мұсылмандық жаңа оқу жүйесі «жәдитшілдіктің» қалыптасып дамуы шамамен 1890-1916 жж. ХХ ғасырдың 20-жылдары «жәдитшілдік» қозғалыс түркі халықтары арасында таралып, дамыды. Сол жылдары жарық көрген ғылыми зерттеулерге арқау болды. Исмаил Гаспринскийдің «жәдитшілдік» идеясын Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ әліпбиін жазуда пайдаланды.

ХІХ ғасырдың аяғына қарай қазақ оқығандары арасында «жәдиттік» және «қадимдік» деген екі бағыт болды. «Қадимдік» бүкіл ғылымды, білімді, дамуды тек ислам діні шеңберінде өркендетіп, жетістікке жету деген зиялы топ өкілдерінің бағыты. Олар фәнни ғылымдарды: физика, математика, жағрафия, техника т.б. оқыту міндетті емес деп есептеді. Осындай жағдайларда Қазан, Уфа қалаларының мектеп, медреселерінде «жәдитшілдік» бағытты насихаттайтын жаңаша оқытудың негізі қаланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет