Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Процесті дұрыс пайдалану үшін жауаптылық-



бет52/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Процесті дұрыс пайдалану үшін жауаптылық-процессуалдық нормаларды бұзған, дұрыс емес шешімдер қабылдаған кінәлі лауазымды адамдар эаңмен белгіленген заңдық жауаптылықта болады.
Әкімшілік іс жүрігізу саласында құқық қолдану қызметі неғұрлым майда бөліктердің –өндірістердің жиынтығынан тұрады,яғни процес дегеніміз-өндірістер жиынтығы.Әкімшілік өндіріс –өкілетті субектілердің жеке нақты әкімшілік істерді, олардың белгілі бір жақтарын қарау, және шешу жөніндегі қызметінің нормативтік реттелінген тәртібі.Әкімшілік өндіріс өзі шешетін істердің сипатына қарай басқалардан өзгеше, ол сипат өндіріс атауында көрініс табады. Әкімшілік процестердің құрылымы болып табылатын өндірістер тізбесін толықтай беру мүмкін емес, себебі қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты олардың кейбіреуі өз мәнін жояды( мыс:әкімшілік жолмен үйден шығару істері бойынша өндірістік, азаматтардың еңбексізщ табысқа тұрғызған құрылыстарын тегін алу туралы істер бойынша өндірістік ,т.б.) ал басқалары керісінше пайда болады.Қазіргі таңда күшіндегі заңнаманың жайы ескеріліп, өндірістің мына түрлері біріктірілген:
-жеке құқамды жинақтау( оқу орындарына қабылдау, әскери қызметке шақыру);
-азаматтардың арыз шағымдарын қарау;
-жекешелендіру жөнінде;
-жаңалық ашу істері, патент істері;
-мемлекеттік және қоғамдық мұқтаж үшін жерді алу;
-жер участкелерін азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделеріне, пайдалануына және жалдануына беру;
-мадақтау;
-бөліп тарату және т.б.;
Әкімшілік-юрисдикциялық процесте біріктірілгендер:
-әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер;
-шағымдар;
-қоғамға үлкен қауіптілік тудырмайтын қылмыстардың белгісі бар іс-әрекет туралы әстер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;
-шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қ.Р. аумағынан аластату;
-тәртіптік өндіріс;
-өз бетімен тұрғызған шаруашылық және тұрмыстық құрылытарды бұзу;
-белгілгіленген мерзімде бюджетке төленбеген салықтар мен басқа да төлемдерді кәсіпорындардың бірінші кезекте және сөзсіз өндіру жөніндегі;
-республикалық бюджеттен бөлінген, бірақ өз мақсатында жұмсалмаған қаражатты сөзсіз бююжетке өндіру;
-жерді пайдалану ережелерін қдайы бұзғаны үшін жер участкелерін қайтарып алу.
Осыларға байланысты мынадай бірқатар анықтаулар қажет:

  1. Қай түрі болмасын өндіріс жаңа қатынастарға қызмет етумен ғана емес, материалдық нормаларды жүзеге асырудың іс жүргізулік тәртібімен де байланысты;

  2. Өндірістің нақты түрі, өкілетті органдардың билік жасауының, өктем өкілеттіктерінің және өндіріске қатысушылар арасындағы тікелей байланыстардың шектеулі шегін белгілеуді көздейді;

  3. Өндіріс түрлерінің типологиялық сипаттамасы мыналармен байланысты болуы мүмкін:а) қандай да бір қатынас шегінде дамитын қатынастар (мыс:жер участкесін бөлу, азаматтардың шағымдарын қарау, оқу орнына қабылдау); б) қатынастарға қатысушылар қойған мәселелерді шешудің іс жүргізу формалары (шағымдарды сот немесе әкімшілік тәртіпте шешу,т.б.); в) уәкілетті органның құқық субьектілігімен анықталатын өндіріс мазмұны (тәртіптік, әкімшілік,атқарушылық, т.б.).

  4. Өндіріс істің шешілуімен байланысты болғандықтан,ол мына түрде болуы мүмкін: а) формальды-логикалық процес түрінде, б) шығармашылық процес түрінде; в) мемлекеттік органдардың мемлекеттік –биліктік қызмет түрінде.Өндірісті әкімшіліәк процестің белгілі бір түрінің құрылымдық бөлімі ретінде және құқықтық институт ретінде қарастыруға болады.Барлық процестер сатыларға бөлінеді-процес субьектілерінің қисынды байланыстығы, бірінен кейін бірі кезектесіп келетін әрекеттері.Әкімшілік іс жүргізу сатылары процестің динамикасын көрсетеді: бастапқы кезін, аралықтағы жағдайын, сатысын.Әрбір сатыда өзіндік дербесьік бар және ол белгілі бір аралық мақсатты белгілі бір арлықта шешуді көздейді.Процестің кез келген сатысында оған қатысушылар өзіне тән іс жүргізу рөлін атқарады, тиісті іс жүргізу құқықтарымен міндеттерін иеленеді,белгіленген тәсіл бойыншаіс жүргізу әрекеттерін жасайды.Кейбір сатыда әрекеттердің аяқталу сипаты бар.Әрбір заң ісі бірқатар сатыдан өтеді, олардың жиынтығы басқарушылықциклды құрайды. Осындай әкімшілік процес үшін, оған кіретін өндірістің кез келгені үшін ортақ болып келетін мынадай сатылары бар:

  1. Шешімін күткен проблемаларды анықтау;

  2. Бұл проблеманы анықтау және шешім жобасын даярлау;

  3. Жобаны қарау (онымен келісу, талқылау, оған сараптық баға беру);

  4. Жобаны бекіту, шешім қабылдау;

  5. Оны орындаушыға дейін жеткізу;

  6. Шешімнің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын бақылау;

  7. Қажет болған жағдайда бұрын қабылдаған шешімді қайта қарау, оны түзету, әрекеттерді бұзу не тоқтату. Басқарушылық құқық шығармашылық процесіне қатысты мынадай сатылар бөлініп алынады:

      1. Акт шығарудың қажеттілігін анықтау;

      2. Акт жобасын даярлау;

      3. Акт жобасын басқару органының қарауына ұсыну;

      4. Жобаны талқылау;

      5. Жоба бойынша шешім қабылдау;

      6. Жобаны қабылдаған актіні жариялау;

Көптеген сатыларда кезеңдерді –саты ішінде аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығын бөліп алу қиын емес.Мыс: азаматтардың шағым-арызы бойынша өндірісте істі қарау сатысы өзіне нақты мән-жағдайларды анықтауды және зерттеуді; басқарушылық құқық шығармашылық актінің жобасын талқылау сатысы оны мүдделі қатысушылар тапсыруды, заңды күшіне енер алдында актіге барлық түзетулерді енгізуді және келісуді қамтиды.
Сонымен, процесте төрт деңгейлі құрылым бар,олар: әрекеттер-кезеңдер-сатылар-өндіріс.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің ережелерін саралап қарау әкімшілік іс жүргізудің бірнеше сатыларын бөлуге мүмкіндік береді, солардың шегінде бұдан бұрын айтылған құқықтық негіздерді ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы жеке дара істер бойынша әкімшілік-юрисдикциялық іс жүргізу жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудан, оны қараудан және қаулы шығарудан,әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны қайта қараудан,әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет