Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау



бет53/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Философия. лекция., 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау өндірістің бастапқы сатысы болып табылады, негізінен онда нақты мақсат болады,іс жүргізу ретінде рәсімделеді.Осы сатының негізгі мәні-іс жүргізу құжатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сай, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғауға негіздеме болады.Заңға сәйкес айыппұл салынып алынатын,ал құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту берілетін жағдайдан басқа реттерде уәкілеттік берілген лауазымды адам хаттама жасауға тиіс.Іс қозғау-жасалғандығы анықталғантжәне іс жүргізуі рәсімделген құқық бұзушылықтың салдары болып табылатын нақты әкімшілік іс жүргізу қатынасының туындауына әкеп соғады.Әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық құрамының адамның әрекетінен көрініс табуы іс бойынша өндірісті бастау үшін материалдық негіздеме болып табылады.Әкімшілік хаттама жасауға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 636-бабында өзіне уәкілеттік берген адам құқылы (ішкі істер органдарының, атқарушы органдардың, көлік инспекциясы органдарының және т.б. лауазымды адамдарды).Сонымен бірге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің версиясы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулысының негізінде қозғалуы мүмкін.
Заңда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың мазмұнына қойылатын қандай да бір талаптар белгіленген:хаттама жасалған күн және орын, оны жасаған адамның қызметі, аты-жөні, құқық бұзушылық жасаған адам жайында деректер, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орын, уақыт оның мәні ,оны жасағаны үшін көзделген нормативтік акт, куәгерлер мен жәбірленушілердің көрсетулері, құқық бұзушының түсініктемесі, істі шешуге қажетті басқа да мәліметтер.Хаттамаға оны жасаған адам, құқық бұзушы, егеро бар болса, куә және жәбірленуші қол қояды.Құқық бұзушылық жасаған адам өз түсініктемелері мен ескертулерін ұсынуға құқылы, олар хаттамаға тіркеледі.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау сатысында қажет болғанда, құқық бұзушыға мынандай әкімшілік жол кесу шаралары қолдануы мүмкін: адамды әкімшілік жолмен ұстау, үсті-басын қарау, заттарын қарау, заттарын және құжаттарын алу.Бұл шараларды жүргізудегі мақсат: әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет