Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет36/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Құқықтық емес- заңдық салдарлардың болуына әкеп соқтырмайды.



Құқықтық- белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соқтырады

Басқару формасын заң анықтайды, осы формалар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді.


Құқықтық нысандар әрқашанда сыртқы және айқын көрінісі бар заңдық салдарлар туғызады. Бұл атқарушы билік субьектілерінің кез келген іс- әрекеттері, оларды істеу міндетті түрде құқықтық салдарлардың пайда болуына әкеп соқтырады. Оларда атқарушы билік субьектілерінің ерекшелігі болып табылатын заңдық биліктік өкілеттіктері тікелей өзінің нақты көрінісін табады. Нысандардың бұл тобының осы қасиеттері басқарудың құқықтық актілеріне неғұрлым айқын көрініс табады.
Құқықтық емес нысандар тікелей заңдық салдарларға әкеп соқтырмайды, өйткені оларды істеу басқарудың құқықтық актілерін шығарумен байланысты емес. Мәселен, олар құқықтық нысандарға тән болатын ( жеке – дара актілер шығару) әкімшілік –құқықтық қатынастар туғызбайды. Бұл құқықтық нысандарды қолдануға немесе оларды кейіннен іске асыруға көмектесетін әр түрлі ұйымдастырушылық іс - әрекеттер істеу.
Бірақ жоғарыда келтірілген ең жалпылама маңызы бар топтастырумен басқару ныстандарының әр түрлілігі тәмәм болмайды. Мысалы, барлық басқарушылық іс - әрекеттерді, мұндай іс - әрекеттердің ең көрнекті нысаны ретінде болатын құқықтық актілер шығаруға ғана тіреуге шындығында болмайтындығы белгілі. Атқарушы билік органдары өзгедей заңдық сипаты бар көптеген істер атқарады.
Осыған байланысты әкімшілік – құқықтық әдебиеттерге ұсынылған басқарушылық іс - әрекеттердің нысандарын (басқару нысандарын) құқықтық және құқықтық еместерге бөлу шеңберінен шығатын топтастыру көңіл аударуға тұрарлық. Мұндай топтастырудың мынадай түрі аса көрнекті:

  1. нормативтік құқықтық актілер шығару;

  2. жеке – дара құқықтық актілер шығару;

  3. ұйымдастыру іс - әрекеттерін жүзеге асыру;

  4. заттық – техникалық жұмыстар орындау.

Мұндай топтастыруды бағалау керек, бірақ басқарушылық қызметтің нысандары мен әдістерін жиі шатыстыратын оның өзге де нұсқалары бар екендігін мойындаған жөн.
Материалдық техникалалық әрекеттер мыналармен байланысты:
-органдар мен лауазымды адамдардың ақпараттық анықтамалық қамтамасыз ету;
-іс-қағаздарын жүргізу;
Есепке алы тіркеу жұмыстарын тіркеу;
Бұл әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзырет берілген органдар да анықтай алады.
«Нормативтік құқықтық акті» ұғымы бұл жұмыста ресим заң құжаты ретінде түсініледі.Құқықтық актілер әртүрлі болады, олар басқаруда маңызды орын алады.Норсмативтік құқықтық актілер өз кезегінде негізгі және туынды актілер болып табылады.Негізгілерге жататындар:

  1. Конституция, Конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

  2. Қ.Р. Президентінің конституциялық күші бар жарлықтары; Президенттің заң күші бар жарлықтары; Президенттің басқа нормативтік құқықтық жарлықтары;

  3. Парламенттің нормативтік қаулылары;

  4. Үкіметтің нормативтік қаулылары;

  5. Конституцичлық Кеңестің, Жоғары Соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

  6. Қ.Р.Министірлерінің не орталық мемлекттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары;

  7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да нормативтік қаулылар,

  8. Мәслихат пен әкімдердің нормативтік қаулылары.

Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады:

  1. Регламент;

  2. Ереже;

  3. Қағида;

  4. Нұсқаулық.

Құқықтық актілер шығару – атқарушы билік субьектілері қызмьетінің ерекше және негізгі нысаны. Бұл актілердің мұндай рөлі мынамен айқындалады, солардың көмегімен аталған субьектілердің міндеттері, функциялабры және өкілеттіктері, яғни олардың құзыреті тікелей іске асырылады.
Бұл құқықтық актілерге тән болатын бірнеше ероекшеліктері бар.
Ең алдымен мынаны атап айту керек, олар басқарушылық шешімдердің заңдық түрі болып табылады. Бұл мынаны білдіреді, атқарушы орган осындай акт қабылдай отырып, мемлекеттік басқару аясында пайда болатын және оның құзырына жататын жалпы ортақ немесе жеке – дара мәселені шешеді.
Басқарудың актісі өзінің құқықтық мазмұны бойынша атқарушы билік субьектісінің біржақты заңдық биліктік ерік білдіруі болып табылады, онда, біріншіден мемлекеттік- басқарушылық қызметтің билікті мәні өзінің көрінісін табады, және, екіншіден, оның көмегімен атқарушы биліктің міндеттері мен функциялары іс жүзінде жүзеге асырылады.
Сонымен, басқарудың құқықтық актісі деп мемлекеттік – басқарушылық қызметтің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында әкімшілік- құқықтық нормалар тағайындауға немесе әкімшілік - құқықтық қатынастар туғызуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған өкілетті атқарушы билік субьектісінің заңға негізделген біржақты заңдық биліктік ерік білдіруі түсініледі.
Басқарудың құқықтық актілерінің күші болуының аса маңызды шарты олардың заңдық мазмұны мен шығару тәртібіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады. Бұл сияқты талаптардың барлығының негізіне – құқықтық актілердің осы түрінің заңға қатал тәуелділігі жатады.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 ж 27- қарашадағы ҚР-ның заңына сәйкес басқарудың құқықтық актісі мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

  1. құқықтық акт ҚР-ның Коституциясыназаңдарға және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне қайшы келмеуге тиіс;

  2. құқықтық актінің құрырылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актінің біркелкі түсінілуі мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиіс;

  3. құқықтық актіде белгіленіп отырған шаралардың мазмұны анық баяндалуға, құқықтық актінің күші қолданылатын және оларды белгіленген мюерзімде іске асыру үшін жауапты адамдар тобы айқын белгіленуге тиіс;

  4. басқарудың төменгі деңгейлерінде іске асыруды қажет ететін құқықтық актілерде белгілі бір мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға оларды орындау жөнінде берілетін нақты тапсырмалар болуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет