Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет41/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  2. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий права.М.:Юр.Литература.1975

  3. 1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.

  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.Алматы.1995

  5. «Әкімшілік процедуралар туралы»Қазақстан Республикасының 27 қараша 2000 жылғы № 107-11 Заңы.

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

Дәріс №13
Тақырыбы: Әкімшілік мәжбүрлеу, түсінігі және түрлері.

Мемлекеттік мәжбүрлеу ықпал етудің тәкелей обьектісіне байланысты күш қолданатын не психикалық мәжбүрлеуге бөлінеді.Мәжбүрлеу субьектілердің бағыныстық жағдайын қалыптастырудың әдісі болып табылады, және де биліктік әмір ету не тікелей ықпал ету болып табылпды.Мәжбүрлеу әдісін пайдаланған да қажетті нәтижеге қол жеткізу субьектінің еркіне, тұлғаның іштей не сырттай қарсылығына қарамайды.


Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады.


Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады.


Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.
Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.
Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.
Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.
Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.
Басқару қатынастарының ерекшелігі тиісті лауазымды адамдардың құқық бұзушылыққа дербес және тез ден қоюының, олардың құқықпен рұқсат етілген шараларды жедел пайдалануының қажеттігін объективті түрде айқындайды. Құқықтық тәртіпті бұзу дереу тоқтатылуға тиіс, өйткені олар бүкіл қоғамның мүдделерін қозғайды, азаматтардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігіне жиі қауіп төндіреді. Осыған байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің ерекшелігі айқындала түседі, ол құқыққа қарсы қолсұғушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында оны дереу қолданудан, жасалынған құқық бұзушылықтың артынан кідіріссіз ізіне түсуден тұруға тиіс.
Әкімшілік мәжбүрлеуді заңда көзделген жағдайларда тиісті атқарушы билік органдары, лауазымды адамдар өзінің құзыретін іске асыру барысында сотқа өтініш жасамай-ақ оны соттан тысқары қолданудың тәртібі сипаттайды. Сонымен бірге мамандандырылған соттардың және аудандық соттардың судьяларына әкімшілік юрисдикциялық құқығы берілген, олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің көптеген түрлерін қарайды және кінәлілерге әкімшілік жазалау шараларын қолданады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын және құзыретті органдардың және мәжбүрлеу қолданылатын тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қамтитын ерекше қорғаушылық әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады. Атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының қызметінде әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану көпшілігінде ведомстволық шегі болмайтын жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін қорғау аясымен шектеледі.
Әкімшілік мәжбүрлеу мына бір жағдаймен де сипатталынады, құзыретті мемлекеттік орган және мәжбүрлеу шарасы қолданылатын тұлға қызметтік бағыныштылық қатынастармен байланысты болмайды. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың процессуалдық тәртібі жеделдігімен, белгілі шамада оңайлығымен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ол тек жеке тұлғаларға ғана емес заңды тұлғаларға да қолданылады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің маңызды белгілерінің бірі оны қолдану негіздерінің ерекше заңдық қасиеті болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі мыналар болып табылады: біріншіден, әкімшілік құқық бұзушылық жасау, екіншіден, құқықтық нормамен қаралған ерекше жағдайлардың, мысалы, эпидемияның, техногенді сипатты апаттың және өзге де төтенше жағдайлардың пайда болуы, олар болған кезде әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылық пен адам кінәсі болмаса да қандай да бір қауіпті салдарлардың пайда болуының алдын алу, оларды таратпау мақсатында пайдаланылады. Әкімшілік мәжбүрлеу негіздерінің мемлекеттік мәжбүрлеуінің өзге түрлерінің негіздерінен түбегейлі айырмашылығын ерекше атап айту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет