Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет42/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:
Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.
Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:

  1. әкімшілік-алдын алу шаралары;

  2. әкімшілік-жолын кесу шаралары;

  3. әкімшілік жазалау шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін.
Әкімшілік – алдын алу шаралары.
Мәжбүрлеу құралдарын қолдануды заңнамалар, әдетте, тұлғаның өзіне жүктелген құқықтық міндеттерін бұзу оқиғасымен байланыстырады. Бірақта қоғамдық және жеке мүдделерге қауіп-қатер және оларға зиян келтіру тек құқық бұзушылықтың ғана емес, сондай-ақ дүлей апаттардың, психикалық ауру адамдардың іс-әрекеттерінің де салдарынан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет құқық нормаларын бұзуға кінәлі емес тұлғалар жөнінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға баруға мәжбүр, құзыретті органдар заңда көзделген жағдайларда олардың құқықтарын шектейді.
Сондықтан, әкімшілік алдын алу шараларын қолданудың негізі құқық бұзушылық емес, керісінше адамның іс әрекеттерімен байланысты болатын да, байланысты болмайтын заңнамалармен белгіленген ерекше жағдайлардың пайда болуы болып табылады. Оларды қолдану үшін құқықтық норманы бұзу оқиғасы талап етілмейді, қайта, әдетте, норманың гипотезасымен қаралған ерекше жағдайлардың болуы қажет.
Заң шығарушы атқарушы органдардың карантин жою, жүктерді мәжбүрлеп тексеру, куәландыру сияқты мәжбүрлеу шараларын және өзге де ұқсас шараларды қолдануға тек заңдық-биліктік өкілеттіктерін бекітіп қана қоймайды, сонымен бірге бұл шараларды іске асыру тәртібін де белгілейді. Әкімшілік алдын алу шараларына айқын көрінісі бар сақтандырушылық бағыттылығы болатыны тән.
Мемлекет әкімшілік- алдын алу шараларын пайдалана отырып, қоғамдық қатынастарды мүмкін болатын бұзушылықтардан, оларға қандай да бір зиян келтіруден қорғауға, олардың пайда болуын болдырмауға тырысады. Мүмкін болатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсаты үшін заңмен немесе өзге де нормативтік актілермен көзделген әкімшілік-алдын алу шараларын қолданған кезде мына сияқты жағдайлар ескеріледі.
Барлық әкімшілік-алдын алу шараларының бірлігін айта отырып, олардың тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша жекелегкн ескерту шараларының арасындағы айырмашылықтарды байқамауға болмайды. Бұл белгі бойынша әкімшілік-алдын алу шараларының ішінен 4 топты бөлуге болады:

  1. мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар, мысалы, эпидемиямен және эпизоотиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, т.б.

  2. құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар: кедендік тексеру, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру;

  3. тиісті субъектілердің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар: реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру.

  4. емдеу – алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрады, олардың мақсат-міндеті тек қоғамдық қауіпсіздікті ғана емес, сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды, жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет