Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет46/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Әрекетсіздік – бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндеттерге байланысты жасауға тиісті және істей алатын іс-әрекеттерді істемеуінен көрініс табатын енжар мінез-құлқы.
Заңда бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығы құқық бұзушының әкімшілік жауаптылығына жалғыз ғана негіз болып табылатын күрделі заңдық құрамын құрайды. Әкімшілік құқықтың теориясында әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекспен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің біртұтастығы түсініледі. Құрамының объективтік элементтеріне мыналар жатады: қол сұғудың объектісі, яғни әкімшілік құқықпен реттелінетін және қорғалынатын қоғамдық қатынастар, және әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы – бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздікті, қол сұғудың нәтижесін, әрекетпен және туындаған салдарлардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімшілік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын сыртқы белгілері.
Құрамның субъективтік элементтеріне әкімшілік құқық бұзушылық субъектісін сипаттайтын белгілер жатады, қасақаналық және абайсыздық нысанындағы кінә, әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі мен мақсаты.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы объектісі мемлекеттік басқару аумағында пайда болатын және әкімшілік, конституциялық, экологиялық, кеден, жер және өзге де құқық салаларының нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Әкімшілік теріс қылық объектісінің түрлері ретінде мыналар танылады: жеке адам, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, басқарудың белгіленген тәртібі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұлардан басқа, арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шет ел азаматтары бөлінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болады. 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 9-тарауының күші қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары немесе олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін әкімшілік жауаптылықта болады.
Заңды тұлғалар – бұлар мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері ретінде лауазымды адамдар айтарлықтай ерекшеліктермен сипатталады. Олар қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерін топтастырудың кешенді белгісі қол сұғудың бір тектес объектісін және теріс қылықтың салалық бағытын, яғни мемлекеттік басқарудың нақты аумағын қамтиды. Осы белгінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық түрлерін мынадай жіктелген топтарға біріктіруге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет