Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет39/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Әкімшілік әдістер мемлекеттік – басқару қызметі субьектілерінің басқарылатындардың мінез – құлқына тікелей немесе экономикадан тыс басқарушылық (реттеушілік) ықпал жасау тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Сондықтан олар мелекеттік басқару аясында қажетті мінез – құлықты заңды тұрғыдан биліктік қамтамасыз етуді барынша толық білдіреді. Олардың тікелей сипаты мынаны білдіреді, басқарудың субьетісі өзінің құзіретінің шеңберінде әдресат, яғни басқару обьектісі үшін заңды түрде міндетті болатын басқару шешімін (басқарудың құқықтық актісін ) қабылдайды. Бұл тікелей нұсқама («әмір»), өйткені басқарушылық ықпал жасау басқару субьектісінің ерік білдіруінің бұйрықтық (директивтік) түрін болжайды. Басқарушылық ықпал жасаудың мұндай сипаты мемлекеттік билікті іс жүзінде іске асырудың маңызды жолдарының бірі болып табылалатын басқарудың биліктік табиғатынан тікелей туындайды. Бұл жерде атқарушы билікті жүзеге асыру туралы айтылып отыр.
Бұл әдістердің экономикадан тыс сипаты мынаны білдіреді, басқарудың шынайы обьектісі басқарылатындардың (мейлі азамат немесе мейлі заңды тұлға болсын) саналы – ерікті мінез – құлқы болып табылады. Мелекеттік басқару аясындағы қажетті болатын мінез – құлық басқарылатындардың еркі мен сана – сезімі (еркін бағындыру) арқылы қамтамасыз етіледі. Әрине, қажетті жағдайларда тиісті мінез – құлыққа заңдық мәжбүрлеу мүмкіндігі рұқсат етіледі. Бірақ бұл тікелей ықпал жасауды мәжбүрлеумен біріктіруге негіз болып табылмайды. өте көп жағдайларда мұндай ықпал жасау пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге есептеледі.
Экономикалық әдістер, қағида бойынша, мемлекеттік – басқарушылық қызмет субьектілері тарапынан басқарылатындардың мінез- құлқына экономикалық (материалдық) немесе жанама ықпал жасаудың тәсілдері немесе құралдары ретінде сипатталады. Бұл мынаны болжайды, басқарылатындардың мінез- құлқына басқарушылық ықпал жасау тікелей емес, керісінше, олардың материалдық мүдделері арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен де басқарушылық ықпал жасаудың тікелей обьектісі болып басқарылатындардың саналы – еріктілік мінез – құлқы сақталып қалады.
Мемлекеттік ісін басқару, атқарушы билікті іске асыру, тәртіп пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету адамдардың сана – сезімі мен мінез – құлқына мақсаткерлік ықпал жасаудың әсерлі тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңде мұндай тәсілдер ретінде мемлекеттік басқарудың екі әмбебап әдісі – иландыру мен мәжбүрлеу танылады.
Қазіргі кездегі қоғамның иландыру мен мәжбүрлеу проблемасы – бұл экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани және құқықтық процестерді әлеуметтік (мемлекеттік және мелекеттік емес) басқару әдістерінің проблемасы, бұл адамдар арасындағы өзара қарым – қатынастарын реттеу әдістерінің проблемасы.
Иландыру мен мәжбүрлеу мемлекеттік басқарудың әдістері ретінде - әлеуметтік құбылыстар, өйткені олар өзінің көрінісін нақты қоғамдық қатынастар қатысушыларының арасындағы байланыстардың сипатынан табады. Бұл әдістер, мемлекеттің (басқару органының, лауазымды адамның) адамдардың сана сезімі мен мінез – құлқына ұйымдастырушылық ыұпал жасау тәсілдерінің жүйесі бола отырып, түгелдей қоғамның, кез – келген мемлекеттік бірлестіктің, кез – келген басқару процесінің қалыпты қызмет атқаруының қажетті шарты болып табылады.
Бұл әдістердің әлеуметтік қызметі мен тиімділігі мыналармен айқындалады, олар:

  1. қазіргі кездегі қоғамның дамуының жалпы әлеуметтік – экономикалық заңдылығымен байланысты;

  2. бірі мен бірі тығыз бірлікте болуға тиіс;

  3. өмір талаптарын, қоғамның дамуының экономикалық және саяси қажеттіліктерін қаншалықты дұрыс, әлеуметтік барабарқамтып көхрсетумен байланысты;

  4. қоғам мен мемлекеттің мәнімен және жағдайымен байланысты болатын иландыру мен мәжбүрлеудің арақатынасына негізделеді, ол тоталитарлық, полициялық немесе демократиялық құқықтық болуы мүмкін.

Мемлекеттік мәжбүрлеу ықпал етудің тікелей обьектісіне байланысты күш қолданатын немесе психикалық мәжбүрлеуге бөлінеді. Оның мақсаты - құқықтың нақты субьектілерін белгілі бір нұсқамаларды сақтауға немесе қандай да болмасын бір іс - әрекеттерді жасаудан бас тартуға көндіру. Мәжбүрлеу субьектілердің бағыныстық жағдайын қалыптастырудың әдісі болып табылады және биліктік әмір ету немесе тікелей ықпал ету болып саналады. Мәжбүрлеу әдісін пайдаланған кезде қажетті нәтижеге қол жеткізу субьектінің еркіне, оның ішкі, ал кейде сырттай қарсыластығына қарамастан жүзеге асырылады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді.
Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады.
Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау. әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде парйдаланады, бұл олардың мемлекеттікбиліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік – мәжбүрлеу сипаты тән.
Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық жауапкершілік ұғымын қамтиды, бірақ онымен шектелмейді, өйткені мемлекет органдарының қолданатын кез – келген мәжбүрлеу шарасын заңдық жауакершілік шараларының тобына жатқыза беруге болмайды. Оның үстіне, мелекеттік басқаруды қамтамасыз етудіе аса маңызды мән тек заңдық жауапкершілікке ғана емес, сондай – ақ құқықтық мәжбүрлеудің өзге түрлеріне беріледі. Оларға, мысалы, мынадай шаралар жатады, олардың міндеті тұлғаға жүктелген міндетті орындатуға мәжбүрлеу жасаумен немесе бұзылған (бұзылатын) құқықты қалпына келтірумен тәмам болады.
Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әр түрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін обьективті түрде алғы шарт жасайды.
Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың обьективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:

  1. Әкімшілік – алдын алу шаралары;

  2. Әкімшілік – жолын кесу шаралары;

  3. Әкімшілік жазалау шаралары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет