Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау дегеніміз



бет54/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Лекция Адм право

2.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау дегеніміз- әкімшілік өндірістің негізгі сатысы, онда іс жүргізу қызметінің осы түріне тән барлық негізгі ерекшеліктер, сипаттар көрініс табады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мына органдар мен лауазымды адамдар қарауға құқылы:

  1. Әкімшілік комисиялары;

  2. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия;

  3. Поселке,ауыл село әкімшілігінің басшылары;

  4. Аудандық соттар, судьялар;

  5. Ішкі істер органдары;

  6. Әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдар.

Сонымен қатар, заңда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісіне қатысушы адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған, оған жататындар:әкімшілік жауапқа тартылатын адамдар,жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куәлар, сарапшылар, аудармашылар.Бұған прокурордың қавтысуы міндетті емес. Құзыретті орган құқық бұзушылық фактісінің болғандығын,бұған нақты адамның кінәлі екендігін,іске қатысты барлық дәлелдемелерді жан-жақты, толық жіһәне әділ бағалауға міндетті.Дәлелдемелер-құқық бұзушылық туралы хаттама,әкімшілік жауапқа тартылатындардың түсініктемесі,куәгерлердің, жәбірленушілердің көрсетуі,сарапшылардың қорытындылары,заттай дәлелдемелер,әкімшілік жол кесу шараларын қолдану туралы хаттама, т.б.
Істі қараудың жалпы мерзімі дегеніміз- уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алғаннан кейін -15 күн. Істердің кейбір санаттары бойынша қысқартылған мерзімдер көрсетілген:майда бұзақылық, ішімдік ішу немесе көпшілік орындарда мас болып жүру, т.б. туралы істер- 1 тәулік ішінде, рұхсатсыз радиотаратқыш құрылғылар жасау және пайдалану туралы істер үшін-3 тәулік ,ұрлық туралы істер -5 тәулік.
Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:1.сол істі қарайтын органның құрамын жариялау немесе лауазымды адамды таныстыру;2.қандай істің қаралатындығын және кімнің жауапқа тартылатындығын төрағалық етушінің хабарлауы, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, 3.әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дауыстап оқу; 4. Іске қатысушыларды тыңдау, дәлелдемелерді зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет