Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі


Қоздырғыштың берілу механизмі, жолдары және факторлары



бет45/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Қоздырғыштың берілу механизмі, жолдары және факторлары. Қоздырғыш жануарлар арасында да ауру жануарлардан адамға да әр түрлі механизмдермен,жолдармен беріледі. Басқаларынан жиірек трансмессифті механизммен беріледі. Қоздырғыштың адамдарға берілу жолына қарай аурудың клиникалық формасы анықталады.
Трансмессифті механизммен адам жайлау кенелерінен олардан гөрі сирегірек басқа қан сорғыш буынаяқтылардан залалданады. Нәжіс- ауыз механизмінің тағам немесе су жолы ауру кеміргіштердің бөлінділерімен ( әсіресе зәрімен) тағамның немесе ауыз судың залалдануынан жүзеге асады.
Жанасу механизмі бағалы терілі кеміргіштердің терісін алу барысында немесе етін тағамға қолдану үшін сою кезінде жүзеге асады.
Ауа – шаң жолының жүзеге асуы тышқан тәрізді кеміргіштер жайлаған жем – шөп өңдеу, ұю, тазарту барысында жүзеге асады. Адамда жасанды залалдауға 10-20 микроб клеткасы жеткілікті.
Эпидемиялық процестің сипаты. Туляремия кең таралған табиғи ошақты ауру. Ауру негізінен Солтүстік жарты шардың қолайлы климаттық аймақтарында таралған. Аурудың табиғаттағы таралуы қабылдағыштығы жоғары кеміргіштердің таралу аралығына байланысты. Әрбір ошақта өзінің кеміргіш түрі, тасмалдаушысы тән. Туляремия далалы, орманды, батпақты, тоғайлы, тау бөктерлі- бұлақты, тундралық, жайлаулы- далалы, табиғи ошақтарға ажыратылады.
Адамдардың ауруға шалдығуы жыл бойына байқалғаны мен 80% дейіні жаз- күз маусымында тіркеледі. Ауруға негізінен ауыл тұрғындары шалдығады. Ауруға қабылдағыштың жалпыға бірдей, өте жоғары( 100% ). Соңғы жылдарда ауруға шалдығу негізінен спородиялық түрде. Кейде транссмецифті, ауыл шаруашылығына байланысты, суға байланысты шектелген эпидемиялық бұрқ етулер болып тұрады.
Аурудың патогенезі мен клиникалық белгілері. Туляремия қоздырғышының адам организміне ену қақпалары тері жамылғысы, асқазан –ішек, тынысалу жүйелерінің кілігей қабаты. Қоздырғыш зақымданбаған тері арқылы да өте алады. Қоздырғыштың ену орныда дақ, күлбіреуік, бөртпе, жара түріндегі біріншілік аффект дамуы мүмкін. Одан әрі қоздырғыш аймақтық лимфа түйіндеріне өтіп, оларда қабыну працесін туғызады. Өлген қоздырғыштардан липополисахаритті кешенбөлінеді, осы улы түзіліс организмде интоксикацияны дамытады. Қоздырғыш жергілікті тосқауылдан өтіп қанға түссе қан ағымымен жүйелермен ағзаларға тарап аурудың жайылған токсико- аллергиялық формасы дамиды. Лимфа түйіндерімен басқа зақымданған ағзаларда гранулемалар түзіледі. Лимфа түйіндерінде гранулемалардың түзілуі бубондардың пайда болуымен көрінеді. Бубондар іріңдеп өзі- өзімен жарылуы мүмкін. Бірнеше күнге созылған инкубациялық кезеңнен кейін ауру 40ºС дейін дене қызуымен, әлсіздікпен, қалтыраумен, бас бұлшықет ауруымен жедел басталады. Патоморфологиялық процесстің орналасуына қарай бубондық- іріңді, бубондық, көз-бубондық, ангионозды-бубондық, өкпелік, абдоминалды жайылған клиникалық формалар болады. Әрбір клиникалық форманың ағымы, ауырлығы ақыры аурудың жасына организмінің реактифтілігіне, антибактериалды емнің дер кезінде басталуы мен адекваттылығына байланысты. Аурудың жайылған түрі инфекциялық- токсикалық шок, менингит, менингоэнцефолитпен асқынуы мүмкін. Дер кезінде басталған кешенді ем ауруды өліммен арашалайды. Ауырып тұрғандарда өмір бойына сақталатын иммунитет қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет