Лабораториялық диагностикасы.Лабороториялық зерттеу қатал, санитарлық- эпидемиологиялық ережені сақтай отырып обаға қарсы күрес мекемелерінде жүргізіледі.
Зерттеу материалдары- бубон пунктаты, ірің, ісік бөліндісі, қақырық, құсық, зәр, қан қоршаған орта объектілерінен алынған шайынды т.б. –індетке қарсы ережелерді сақтай отырып (обаға қарсы костьюм , резинка қолғап, маска, т.с.с ) жиналып арнаулы лабороторияға металл бикспен арнайы құжатпен жіберіледі.
Материал алғашқы жауап үшін бактериоскопиялық серологиялық зерттеледі .
Лабороториялық қроытынды бактериологиялық зерттеумен биологиялық сынамадан кейін беріледі. Бактериологиялық зерттеу нәтижесі өсіндінің оба қоздырғыштың морфологиялық қасиеттеріне зерттеу жасалынғаннан кейін беріледі. Лабороториялық жануарларды зерттеу материалымен залалдау тері ішіне, құрсақ қуысына, теріге шіру белгісі бар материалмен жасалынады.
Ошақтағы індетке қарсы шаралар қорытынды лабороториялық нәтижені күтпей-ақ жүргізіле бастайды.
Емдеу принциптері.Кешенді массивті этиотропты ем (стрептомицин, левомицетин, доксициклин, ампициллин, гентамицин, цефалоспорин). Антибиотиктер курсы 7-10 күн. Аурудың сепсистік, өкпелік түрінде антибиотиктердің үш комбинациясын көк тамырға егеді. дезинтоксикациялық, микроциркуляцияны жақсартушы, тамыр ішілік қан ұюға қарсы, бөліну, тыныс алу, жүрек қан тамыр жүйесі функциясын реттеуші және симптоматикалық ем.
Науқасты ем аяқталғаннан кейін 2-6 күннен кейін үш реттік бактериологиялық зерттеуден кейін науқас толық жазылғаннан кейін шығарады. Диспансерлік бақылауға 3 айға алады.
Профилактикасы және індет ошағындағы шаралар. Тұрғындарды обаға шалдығудан қорғау ісін арнайы құрылған обаға қарсы мекемелер ұйымдастырып жүзеге асырады. Оба аса қауіпті жұқпалы ауру, барлық құрлықтың 6-7% дейіні обаның табиғи ошақтары болғандықтан ДДҰ-ң ерекше қадағалауындағы ауру. Қ.Р-ы обаның ең ірі табиғи ошақтары орналасқан аймақ болғандықтан біздің елімізде ең ірі, маманданған ғылыми орталық обаға қарсы практикалық жүйе құрылған. Обаға қарсы жүйенің бас мекемесі М Айқымбаев атындағы қазақтың карантиндік және зоонозды инфекциялар ғылыми орталығы. Обаға қарсы қызмет жүйесінің құрылымдық мекемелері 10 обаға қарсы станция және оларға қарасты обаға қарсы бөлімшелер (олардың саны 2001 жылы 13 болды.)
Обаның алдын-алу негізінен табиғи ошақты аймақтарда оба эпизоотиясын анықтау, ошаққа жақын орналасқан елді вакцинациялау, түйелердің саны мен жағдайын анықтау, бүргелерді ауылдардың жанынан жою, кеміргіштердің тығыздығын реттеу және тұрғындар арасында обаға қатынасты санитарлық –ағарту жұмыстарын жүргізу тәрізді шаралардан құралады.
Ел шекарасымен аймағын оба енуден қорғау Халықаралық санитарлық ережелер бойынша жүргізіледі.
Алғашқы обаға күдік лабороториялық дәлелденуі керек. Толық клинико- эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі
Ауру оқшауланып арнайы икемдендірілген орынға (инфекция аурухана ) салынады. Ауруды қабылдайтын орында қатал арнайы індетке қарсы тәртіп орнатылады. Сепсистік, өкпе формасындағы аурулар бөлек жатқызылады.
Елді мекенге карантин орнатылады.Ауру орналасқан орында дезинфекция, дератизация, дезинцекция жүргізіледі. Ауруханадағылар 1 және2 типтегі обаға қарсы костюммен жұмыс істейді. Казармалық жағдайда көшіріліп вакцинацияланады. Күніне 3 рет термометрия жүргізіледі.
Ауру көзімен жанасқандар жедел антибактериалдар профелактикадан өткізіледі, бөлек орында 6 күнге дейін қатал мед. Бақылауға алынады.
Күнделікті деинфекцияны дезинфектор жүргізеді. Оның жұмысын дәрігер бақылауға алады. Қорытынды дезинфекцияны дез. Бригада жүргізеді.
Ауруханадан ауру толық клиникалық айыққаннан кейін 3 рет теріс нәтижелі лабороториялық тексеруден кейін шығарылады.
Обадан өлген адамның денесі жағылады немесе 2 м тереңдікке көміліп құрғақ хлорлы әк себіледі.