Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет40/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

КЕНЕ БӨРТПЕ СҮЗЕГІ.
Солтүстік Азиялық кене риккетсиозы.
Кенелік бөртпе сүзек (Солтүстік Азиялық кене риккетсиозы) қызбамен, интоксикациямен, біріншілік аффекттің болуымен, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюымен және полиморфты бөртпемен сипатталатын, қоздырғышы трансмиссивті жолмен таралатын, зоонозды табиғи ошақты жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы: Қоздырғышы – Rikettsia sibirica, эндотелий тропты әсері бар, клеткаішілік паразиттерге жатады, құрамында эндотоксині бар.
Эпидемиологиясы: Солтүстік Азиялық кенелік риккетсиозы – табиғи-ошақты ауру. Спорадикалық түрінде көрінеді.
Инфекция көздері: ұсақ кемірушілер, суырлар, дала және үй тышқандары, сұр егеуқұйрықтар және т.б. Қосымша резервуар – қоздырғышы трансовариальді искод кенелері.
Таралу жолдары: Трансмиссивті (жұқтырылған искод кенелері, тістеу арқылы).
Маусымдылығы: Көктем-жаз айлары.
Қабылдаушылығы: Төмен.
Иммунитеті: Аурумен ауырғаннан кейін ұзақ, тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі: Риккетсиялар кене тістеген жерде І-лік аффект құрап, аймақтық лимфа түйіндерінде көбейеді. Кейін қанға түсіп, қантамырлар эндотелийіне еніп, көбейіп, қайтадан қанға түсіп, риккетсемия және токсинемия туғызады, осыған байланысты клиникалық көріністер көрінеді.
Патологиялық анатомиясы: Кенелік бөртпе сүзек кезінде патоморфологиялық өзгерістері жағынан эпидемиялық бөртпе сүзекке өте ұқсас. Тек кейбір ерекшеліктері бар: кенелік бөртпе сүзек кезінде деструкциялық процестерден гөрі пролиферациялық процестер басым және тері қантамырларындағы өзгерістер өте айқын, ал бас миы және басқа мүшелерде өзгерістер азырақ болады.
Клиникасы:
Инкубациялық кезеңі 3-7 күн.
Ауру жеңіл, орташа және ауыр түрде өтуі мүмкін. Жиі орташа ауырлықта болады. Клиникалық ағымын 3 кезеңге бөледі:
1. Бастапқы кезең (аурудың алғашқы 2-4 күні бөртпе пайда болғанға дейін).
2. Қызу кезеңі (бөртпе пайда болғаннан температура төмендегенге дейін 4-7 күн, сирек ұзағырақ болады).
3. Жазылу кезеңі (температура төмендегеннен толық жазылғанға дейін).
Аурудың басталуы негізінен жедел, қалтыраумен, дене температурасының жоғарлауымен, әлсіздік, бас ауру, ұйқының бұзылуы, барлық денеде ауырсыну, буындардың, бұлшықеттердің қақсауынан, тәбетінің төмендеуінен басталады. Бұл симптомдар біртіндеп көбейіп, барлық қызба кезеңінде сақталады. Дене температурасы 2 күн ішінде 39-400С дейін жоғарлайды, тұрақты немесе ремиттирлеуші түрімен сипатталады. Температура кризді түрде төмендейді. Науқастың өзіне тән бет-әлпеті болады: аурудың 2-3 күннен бастап, беті қызарып, бірақ ісіну болмайды.
Аурудың ең тән және тұрақты белгілеріне жатады: біріншілік аффект аймағында лимфааденит және полиморфты бөртпенің пайда болуы. І-лік аффект – кене тістеген жерде пайда болатын, әр түрлі мөлшердегі гиперемия аймағымен шектелген, ауырсынатын және 11-58 күн ішінде жоғалатын қабынулық некрозды ошақ.
І-лік аффектпен қатар аймақтық лимфаденит пайда болады, лимфа түйіндері ұлғайған, біраз ауырсынады, қозғалмалы 15-18 күн ішінде жоғалады.
Аурудың 2-4 күні кейде 5-ші күні алғашқы күндері розеолезді сипатта болатын, сосын папулаға айналатын және өте сирек петехияға айналатын бөртпелер пайда болады. Бөртпе табан мен алақаннан басқа дененің барлық жерінде болады. Бөртпе аурудың 12-14-ші күні қатаяды.
Интоксикация шыңында науқастарда әр түрлі мүшелер мен жүйелер жағынан өзгерістер пайда болады.
Жүрек – қан тамыр жүйеісінің зақымдалуы салыстырмалы брадикардиямен, кейде дикротикалық пулсьпен, гипотониямен жүрек тондарының тұйықталуымен көрінеді.
ОНЖ жағынан диффузды бас ауруы, ұйқысыздық немесе үзбелі ұйқы, сирек саңдырақтау, барлық кезде негізінен тыныш адинамиялы тежелген болуы мүмкін.
Асқорыту жолының зақымдалуы белгілеріне тәбетінің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іші өту, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы жатады.
Кенелік бөртпе сүзек кезінде жазылу эпидемиялық бөртпе сүзекпен салыстырғанда тезірек болады.
Асқынулары: Кенелік бөртпе сүзек кезінде пневмония, бронхит, отит, синусит түрінде асқынулар болуы мүмкін.
Диагностикасы: Диагноз клиникалық белгілерге, эпидемиологиялық және лабораторлы мәліметтерге негізделеді. Диагнозды дәлелдеу үшін динамикада серологиялық әдістер – РСК, РПГА қолданылады.
Салыстырмалы диагностикасы: Кенелік бөртпе сүзегінің салыстырмалы диагностикасын эпидемиялық бөртпе сүзек, басқа кенелік риккетсиялармен, экзантемамен өтетін және т.б. аурулармен жүргізу керек.
Емі: стационарлық жағдайдажүргізіледі. Оған кіреді:
-тәртіп (қалыпты дене температурасы 5 күн болғанша қатал төсектік тәртіп)
-толық құнды диета (ерекше шектеусіз)
-этиотропты препараттар (тетрациклин қатары 3-5 күн бойы)
-патогенетикалық ем (дезинтоксикациялық)
-симптоматикалық ем.
Болжамы: қолайлы.
Шығару ережесі: Дене температурасы қалыпты болғаннан 10 күннен кейін шығарылады.
Диспансеризациясы: Кенелік бөртпе сүзекпен ауырған адамдар диспансеризацияға жатпайды.
Профилактикасы: Адамдардың кенелерден сақтануынан тұрады.













Оба
( лат.-pestis; ағыл. –plague; фран. –peste; нем. –pest; орысша – чума; черная смерт) - бактериалды зоонозды табиғи ошакты аса кауіпті конвенционды қоздырғышы негізінен трансмиссивті механизммен берілетін , аса ауыр интоксикациямен, лимфа түйіндерінің, ішкі мүшелердің зақымдалуымен, сепсис, септицемиямен сипатталатын, дұрыс жүргізілмеген ем кезінде, уақытысында емделмегенде өліммен аякталатын жұқпалы ауру.
Аурудың клинико -эпидемиологиялық маңызы - Қазақстан аумағының 40% жуығы эпидемиялық қауіпті эпидемиялық аймақ болғандықтан біздің еліміз үшін аурудың ерекше маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет