Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет39/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Эпидемиялық бөртпе сүзегі.
Провачек риккетсиялары тудыратын, бит арқылы тарайтын, қызба, интоксикация, бөртпе белгілерімен және орталық нерв жүйе мен басқа жүйе мүшелерді зақымдауымен өтетін антропонозды ауру.
Эпидемиялық бөртпе сүзек – адамзат тарихында із қалдырған аурудың бірі. Соғыс, әлеуметтік апаттар кезінде ауру сырқаулық өте жоғары болып, кей кезде осы аурудан болған өлім соғыстың өлімінен асқан жағдайлар белгілі. Мысалы: Қырым соғысында қаза тапқан 30 мың әскерлер болса, бөртпе сүзектен өлгендердің саны 800 мың. І-ші және ІІ-ші дүние жүзілік соғыстарда да ауру-сырқаулық пен өлім өте жоғары болған. 1918-1919 жылдары жаңа құрылған Совет мемлекетінде 6 млн. адам бөртпе сүзекпен науқастанған. Эпидемиялар кезінде өлім көрсеткіші 6-24% кейде 50% дейін жететін.
Қазіргі уақытта эпидемиялық бөртпе сүзектің оқиғалары бірен-саран болып кездеседі. Бірақ та, әлеуметтік, санитарлы-гигиеналық жағдай (педикулез кең тараған) төмендеген кезде – осы ауру жайылу үшін қолайлы жағдайлар туады.
Этиологиясы:
Ricketsia Prowazekii - басқа риккетсияларға қарағанда ірі; грамм бойынша теріс болады, оптимальды сақталу температурасы 3-4С, (төмен температураларды жақсы көтереді), жоғары температурада лезде жойылады, клетка ішінде паразиттік тіршілік етеді.
Эпидемиологиясы:Қан арқылы тарайтын анропонозды инфекция. Аурудың көзі сырқаттанған адам; Жұқтыру қабілеті инкубацияның ақырғы 1-2 күнінен 21 күн бойы сақталады. Жұқтырушы қызметін – биттер атқарады (көбінесе көйлектік, сиректеу бас биттері таратады). Биттер осы сырқатты ауырған адамдардың өздеріне жұқтырып, сау адамға тері арқылы қасыған кезде енгізеді. Биттер өздері де осы инфекциядан жойылады. Сырқат шаң арқылы (көрпе, жастық арқылы) және қан құйған кезде де жұқтыру қаупі бар. Адам баласының сырқатты қабылдау қабілеттілігі жоғары болып табылады. Мысалы: ауру даму үшін бит личинкасының 1/5000 жеткілікті екен. Мерзімі: қыс-көктем айлары


Патогенезі: Ricketsia Prowazekii қанға түскеннен кейін ұсақ тамырлардың (капиллярлар, прекапиллялар) қабырғаларының – эндотелиальды клеткаларына енеді- көбейеді- қабыну процессін тудырады. Риккетсемия токсинемия пайда болады. Қан айналумен басқа ұсақ тамырларға жетіп, олардың да эндотелидеріне еніп, зақымға ұшыратады. Организмде кең жайылған васкулит пайда болады.Токсині тамыр кеңітетін әсерімен осы капиллялардың ішінде қан бағытын бәсеңдетіп, қан ұюға жағдай туғызады, нәтижесінде гиалинді тромбтар пайда болады. Қан жүрісіне кедергі болғандықтан- гипоксия, ацидоз, микроциркуляцияның бұзылуы үдей түседі. Тамыр эндотелийлерінде деструкция процесстері дамып-гранулемалар немесе тромбтар пайда болады. Тромб ішкі қабырғасында орналасқан кезде эндоваскулит,қуысында немесе сыртқы қабырғаларының зақымдануы кезінде тромбоваскулит, периваскулит дамиды. Кейде тромбтар тамырдың ішін толық бітеп жіберуі мүмкін - панваскулит.
Бұл процесс бүкіл организмге жайылады, бірақта айқын түрде орталық нерв жүйесінде, яғни мида, жүрек бұлшық еттерінде, бүйрек үстіндегі бездерде, теріде, көкбауырда өтеді. Негізінде мида пайда болатын өзгерістер – менингоэнцефалит өзгерістеріне сәйкес өтеді. Жүректегі өзгерістер - интерстициальды миокардит; бүйректе - диффузды гломерулонефрит түрде қалыптасады. Тері ішіне қан құйылу себебінен геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Эпидемиялық бөртпе сүзегінің патогенезінде 2 негізгі фактор роль атқарады: арнайы, риккетсиозды интоксикация (риккетсемия, эндотоксинемия себебінен дамитын) және жүйелік түрде өтетін десквамативті-пролиферативті васкулит,қосымша аллергиялық факторлардың да зор маңызы бар (васкулит-себептерінен ішінде аллергиялық реакциялар). Морфологиялық өзгерістердің қалыптасу процесі сырқаттың 20-шы күнінен 4 аптаға дейін созылады.
Сырқаттан кейін қалыптасатын иммунитет тұрақты болады, бірақ та бірқатар адамдарда стерильді болмай, риккетсиялар организмде көп жылдар сақталып қалуы мүмкін, иммунитет төмендеген жағдайда өршіп, Брилль аурудың себебі болады
Патоморфологиялық өзгерістер:
көбінесе ОЖЖ тамырлары қабынған түрде,
ми қабатары мен ми ісіну белгілерімен қан құйылу ошақтары табылады.
Бүйрек үстіндегі бездерде де жиі қан құйылулары болады.
Клиникасы:
сырқат циклді түрде өтеді:
инкубациялық мерзім 12-14 күн (6-21)
бастапқы
өршу
реконвалесценция кезеңдер.
Бастапқы кезең:
бастапқы кезең сырқаттың алғашқы көріністерінен бөртпе шыққан күніне дейін (4-5 күн).
Сырқат көбінесе жедел басталып,
дене ыстығы 39-40С-қа дейін көтеріледі.
Интоксикация белгілері үдей түседі:
бас ауру,
ұйқысы бұзылуы,
тәбеті жоғалуы,
Қараған кезде:
қозу белгілері (мазасыздық, сандырақтау, елестету, гиперестезиялар)
көзі қызарған
ісінген
жиі-жиі дем алады
склера тамырлары мен коньюктивалары айқын гиперемияланған,
коньюктиваларында гиперемияланған дақтар (Киари-Авцын белгісі).
жұмсақ таңдай мен тілшенің шырыш қабаттарында Розенберг энантемасы -ұсақ петехийлар- айқындалады. (90% науқастарда кездеседі).
денесін шымшып көргенде немесе жгут салған кезде-геморрагиялық дақтар пайда болады.
ОЖЖ зақымынан Говоров-Годелье белгісін анықтауға болады: тілін тіс кедергісінен қиыншылықпен кедергіленіп шығарады.
Сырқаттың 3-4 күнінен көкбауыр ұлғая бастайды. Бауыр кейінірек шамалы түрде үлкейеді.
Өршу кезеңі:
сырқаттың 4-5 күнінде денесіне бөртпе пайда болуынан есептеледі.
дене қызуы, интоксикация белгілері жоғары деңгейге жетеді.
қызба көбінесе тұрақты немесе қайталанбалы түрде болып 14-16 күнге дейін сақталынады.
сырқаттың 3-4 және 8-10 күндері дене қызуы аяқ астынан төмендеп, тағыда үдей түсуі тән.
бөртпе 4-5 күнінде бетінен басқа бүкіл денеге таралады, бөртпе көп мөлшерде полиморфты, розеолезді петехиалды түрде болады.
мөлшері, көлемі әр түрлі болуына тиісті. 11-13 күнге дейін көп мөлшерде қыр жағында, кеуде, арқасында жайылады.
Реконвалесценция кезеңі14-16 күннен басталады.
Астено-вегативті өзгерістер көпке дейін сақталынып қалады.
Дифференциальды диагностикасы
Эпидемиялық бөртпе сүзегін жоғары интоксикациямен және бөртпемен өтетін аурулармен салыстыру керек,
басқа сүзек аурулары: іш сүзек, қайталамалы сүзек, кенелік бөртпе сүзегі, грипп, менингококкцемия, геморрагиялық қызбалар, геморрагиялық васкулиттермен.
Диагнозы: айқын клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты қойылады.
Асқынулары
Токсико-инфекциялық шок (ТИШ)
Тромбоз
Эмболия
Некроз
Лабораторлы диагностикасы
ЖҚА-нейтрофильді лейкоцитоз, таяқшалар-33-50%-ке дейін.
Тюрк клеткалары анықталады
Серологиялық реакциялар: КБР,ТГАР
Емі
Міндетті түрінде госпитализациялау
Төсектік режим
Антибактериалды ем: тетрациклин, левомицетин, ауыр ағымда парентеральды түрінде
Дезинтоксикация жеткілікті түрінде
Брилль ауруы- бұл көп жылдар бұрын эпидемиялық бөртпе сүзегімен ауырған адамның организмінде Провачек риккетсиялары жасырын түрінде сақталынып, иммунитет төмендеген кезінде белсенділігі жоғарлап, аурудың қайталау себебі болып, эпидемиялық бөртпе сүзек тәрізді клиникалық көріністерімен жеңілдеу түрінде өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет