Дәріс №1 Тақырыбы: Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік. Инфекциялық қызмет құрылымы. Жұқпалы аурулардың диагностикасы және емі, алдын алу принциптері. Жұқпалы ауруханасының құрылымы, жұмыс тәртібі, науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібі



бет37/61
Дата04.10.2023
өлшемі152,04 Kb.
#183681
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61
Байланысты:
дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж

Диагностикасы
Лабораториялық зерттеулер :
ЖҚА-лейкоцитоз лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы,лимфопения , ЭТЖ жоғарлауы анықталады.
Туберкулинодиагностика:Манту сынағы жүргізіледі- тері ішіне 2ТБ (туберкулин бірлігі)енгізіледі.72сағаттан кейін нәтижесі бағаланады.Егер папула диаметрі 4мм жоғары болса Манту сынағы оң болып,есептеледі .
Иммуноферменттік анализ-туберкулез микобактерияларының антиденелерін анықтап, инфекцялану туралы мәлімет береді.
Қақырық анализі – туберкулез микобактерияларын анықтау үшін қақырықты флотация әдісімен жинайды .Туберкулез ауруы туралы күдік туған жағдайда және ауру адаммен қатынаста болғандардан қақырықты үш рет бактериологиялық егіске жинайды.
Егер қақырықта туберкулез таяқшалары табылса, онда БК(+),ал табылмаса БК(-).
Инструментальдық зерттеулер:
Рентгенологиялық- рентгеноскопия, рентгенография, флюорография, бронхография және өкпенің компьютерлік томографиясы .
Эндоскопиялық-бронхоскопия,торакоскопия.
Плевралды пункция- диагностикалық және емдік мақсатта жүргізіледі.
Магниттік-резонанстік томография- радиотолқындар қолдануымен жүретін тексеру тәсілі.
Емі.Науқас адамның рационы ақуыздарға және витаминдер бай болуы қажет.Бүкіл Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының нұсқауы бойынша туберкулезді анықтау және емдеу мақсатынд тікелей бақылауды қысқа мерзімді химиотерапия – 1998 жылы ДОТSбағдарламасы енгізілді.
ДОТS-Directli(тікелей),Observed(бақылаулы),Treatment(емдеу),Short(қысқа мерзімді ).
Науқас емді ұзақ уақыт алады, яғни 6айдан -2 жылға дейін және үзіліссіз болуы қажет.
«Бірінші қатардағы» туберкулезге қарсы препараттар:
-изониазид;
-рифампицин;
-пиразинамид;
-этамбутол;
-стрептомицин;
Ем бірнеше препараттарымен жүргізіледі .Ем бақылаулы болу керек, препараттардың біреуін ішіп, біреуін ішпеуге,басталған курсты уақытша тоқтатуға болмайды.ДОТS схемасын бұзған жағдайда-дәрілік резистенттілікке әкеледі.Ем бастағаннан 2-3ай кейін микобактериялардың қақырықпен бөлінуі тоқтайды,басқа белгілер де жойылады.
Туберкулездің резистентті түрлері изониазид пен рифампицинге резистентті болуына байлансты бөлінеді:
-монорезистентті-препараттардың біреуіне резистентті болуы;
-полирезистентті-екі препаратқа да резистентті болуы.
«Екінші қатардағы» препараттар:
-офлоксацин;
-каприомицин;
-этионамид;
-циклосерин;
-ПАСК.
Бұл препараттар да кешенді түрде тағайындалаы,мамандандырылған дәрігер бақылаумен жүр-
гізіледі.Дәрілерді дұрыс қабылдамаған ем нәтижесіз болады.
Витаминотерапия, қан тоқтататын дәрілер де химиопрепараттармен бірге қолданылады.Туберкулезді емдеу кешеніне хирургиялық тәсілдер де кіреді.Сирек те болса ,әлі де пневмоторакс пен пневмоперитонеум қолданылады.
Туберкулез ауруынан жазылуға аурудың мінез-құлқы мен тәртібі,тамақтану жағдайы да әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет