Дәріс № 13 Тақырыбы: Коммуникативтік үрдіс, дағдылары туралы түсінік. Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы коммуникативтік дағдылардың маңызы.
Жоспары: 1. Коммуникация дегеніміз не?
2. Коммуникативтік үрдіс, дағдылар туралы түсінік.
3. Мейірбике қызметіндегі коммуникациялық дағдылардың маңыздылығы.
4. Коммуникатор, коммуникант дегеніміз кім?
Ортақ әрекеттесудің қажетті шарты – арақатынас жасау арқылы адамдар арасында жанасу бекітіліп, дамуы, ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі. Арақатынасының негізінде жататын коммуникативтік үрдіс. Яғни ақпараттың бір адамнан басқа адамға немесе бір топқа тасымалдануы және бұл хабарды басқалардың қабылдауы.
Медициналық қызметкердің де өз міндетін атқару барысында басқа адамдармен түрлі қарым-қатынас, байлангыс жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен және т.б.) Медициналық қызметкер мен сырқат адамның қарым-қатынасының жоғары дәрежеде болуы маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір-бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Медициналық қызметкері жұмысының нәтижелілігі мен деңгей-дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.
Коммуникация – басқа адамдармен байланысу, қарым-қатынас орнату.
Коммуникативтік дағдылар – медициналық қызметкердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары мен туысқандарымен, әріптестерімен және т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Қатынасуда субектілер (адамдар) сөз, мимка және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым -қатынасқа түскен алдамдар сұхбаттаса келе, бірін- бірі түсініп, танысады. Өзара қарым- қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әрқайсысы субъектерінде саналады. Коммуникатор – ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) – ақпаратты қабылдаушы адам. Коммуникация арнасы – жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі – олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жиастыра келе, түсінуілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-мақсатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жсайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардың әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнынағ қоғам заңдары мен құқық ереежелеріне байлпанысты болады.
Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырған тәжірбиені тұжырымдайды, қолданады.
Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальді және вербальді емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы қарым- қатынас жасау қабілеті.
Қатынасу арқылы адамдар бір – бірімен коммуникативтік тұрғыдан әсер ететуі мүмкін. Адамдардың бір – бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалық комумуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері – қатынасқан адамдардың, бір – бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін – бірі түсінбеуі және мамандық, саясчи, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды)психологгиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Ежелгі заманда дәрігерлердің саны өте шамалы болғандықтан, олар қызметін өзі ғана атқарып, басқа әріптестерімен қарым – қатынас жүргізбеген. Мысалы, «земский » дәрігер жалғыз өзі белгілі аймақты мекендейтін тұрғындарға толық медициналық жәрдем көрсеткен, барлық ауруларды өзі емдеген. Яғни, бұл дәрігердің медициналық тәжірбиесі өте кең болған, олар терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стомотологиялық, т.б. дәрігерлік мамандықтар бойыншпа халыққа жәрдем беріп отырған.
Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігердер жәрдем 300 – ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіліді. Сонымен қатар, жаңа диагностикалық және емдеу технологиларын, аппараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлермен, науқам және оның жақын туыстарымен тікелей қарым – қатынаста болады. Мұндай жағадайда , дәрігер жұмысының нәтижелеігі, қарамағыындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауғы келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады. Оларға аурудың дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл трін таңдауға, дерттің назар аударлықтай ерекшеліктерін ескетеді. Ал, жедел, адамның өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жеднл жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріпетестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шараларын кезектен тыс ұйымдастырады.
Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық ммамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез – құлқы, көңіл күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, қайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетті атқаруду өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді.