Биологиядан сабақ беретін мұғалімдердің билігінде өнердің алуан түрі –
поэзия, музыка, живопись, сонымен бірге өте мөте аса күшті эмоциялық əсер
ететін біздің отанымыздың таң ғажайып табимғаты болғандықтан эстетикалық
тəрбиені барынша жан – жақты жүзеге асыруға болады. Сондай ақ оқушылардың
табиғатты қорғау жөніндегі жұмысының тəрбиелік мəнінің аса зор екендігі
туралы айта кеткен жөн. Өсімдік əлемін оқыту кезінде оқушылардың
өсімдіктерге ықыласпен қарап сүйіспеншілік сезіміне бөлінуін дамыта білу
қажет. Мəселен, «Сабақ» тақырыбын оқығанда оқушылар қабыққа зақым
келтіруден ағаштың тіршілігін жоятындығын біледі. Оқушылар «Өсімдік
əлемінің негізгі топтарын» оқыған кезде табиғат байлығын қалай дұрыс
пайдалануды – жеміс - жидекті, саңырауқұлақтарды, дəрілік өсімдіктерді
жинауды білетін болады.
Адамның жануарлар мен өсімдіктерге табиғаттың, тішіліктің бірлігі
ретінде қарауын ғалымдардың, қоғам кайраткерлерінің, жазушылардың
пікірлері арқылы қабылдату əсерлі болады.
Тіршіліктің мəнімен қоса адамгершілік жəне
эстетикалық тəрбиені
қалыптастыруда өнер меи əдебиет куаныш, т.б. сезім; тудырады жəне
экологиялық ой-сана калыптастырады; Мысалы, Жансүгіровтің «Жетісу жəндігі» деген
өлеңінде жасөспірімдерді таңқаларлық етерлік мына бір көріністерін былай суреттеген:
Қиыннын жынысында бар деседі,
Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан.
Кəдімгі қасқыр, серек, қаракұлақ,
Шулайды шүйебөрі үй артынан.
Кəдімгі қарсак, сусар, бүлғын, жанат,
Сол таудың іздейді аңшы ту сыртынан
Таутеке, арқар, құлжа, қаракұйрық
Көруге болад бəрін жайылымнан.
Маралды мал ішінен атпен қуып,
Әкеп жүр ауылына айдап Албан.
Тазқара, балта жұтар, ақбас құмай,
Бұлақта отырғанын көрем үдай.
Жарғақ бас, жұртшы саржак, су бүркітгер,
Құмайдың қоғамында құрдасындай.
Лашын, тұйғын, тұнжыр, тынар, мықи,
Ителгі, бəрпі, кырғи, кұр, тұрымтай.
Бидайық шыңда ғана болад десед,
Бүркітпен барымталы ел ала жаздай,
деп акын тек көзге тусерлік үлкен жануарларды ғана суреттеп коймай, бұл жерлерді мекен
ететін əнші кұстарға дейін өз ретімен адам кызығарлықтай сүйсіндіре жырлаған. Осыдан
бала көнілінің толқып, шаттыққа бөленуі арқылы қазір осындай бай табиғат əлемі
қандай жағдайда екенін байқауға болады.
Жалпы эстетикалық тəрбие биология сабақтарында биология дəптерін
ұқыпты жəне сұлу жазудан басталады. Оқу тəжірибе учаскесінде жұмыс жасауда
да эстетикалық тəрбиенің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: