Ақпарат
Талдауға арналған сұрақтар.
«Балық аулауға тыйым салынған» деген
кестені неге қорғаудың жақсы, дұрыс
қойылған
шарасы
деп
есептеуге
болмайды? (Ю.Одум)
1.Осы сияқты кестелерді неге қорғаудың
жақсы, тиімді əдісі деп есептеуге болмайды?
2. Суларды қорғаудын дұрыс шаралары деп
нені есептеуге болады?
«Қасқыр өлі күйінде жақсы» - деген кең
таралған ұғым шындықтан аса алшақ.
( (Ю.Одум).
Ғалымдар жабайы жануарларды қорғау,
санын нығайтудын төрт бағыты бар дейді:
. а) атып алуды шектеу.
б) қолдан көбейту
і в) мекен ортасын жақсарту.
г) аң шаруашылығы
1. Ғалымның қөзқарасына келісесіз бе?
2. «Қасқыр өлі күйінде жақсы» - деген
ұғым неге негізделген?
3. Бұл көзқарас неге шындықтан алшақ?
4. Аталған бағыттардың қайсысы маңызды,
əрі қолданбалы?
Осындай қызу талдау кезінде құбылыстар, деректер сыншыл көзбен
қаралып, оқушылар өз қорытындыларын дəлелдеп, тұжырымдауға
ынталасып, жеке тұлғаның өнегелі ержетуіне əсер етеді. Сондықтан
пікірталас, талдау табиғатты қорғау жайлы мəселелерге
немқұрайлылықты жеңу, туындаған проблемаларга тиісті шешім іздеуге
шақырады.
Адамның табиғатпен байланысы жайлы оқушыларда жинақталған білімі
мен өмірден алған əсерлерін айқындау орынды шара болып есептеледі.
Пікірлесу барысында тірі ағзалардың адам үшін жан-жақты маңызын
оқушылардың сезінуі, жалпы тірі табиғаттың көптүрлілігін оның ішінде өзі
тұратын аймақ жөніндегі мағлұматгарынан, экологиялық фактор ретіндегі адам
ролін түсінуі, экологиялық проблемалармен таныстық дəрежесі аныкталады.
Оқушылардың экологиялық білім игеру барысында олардың кұндылық
қасиеттері жүзеге асырылады, өсімдіктер мен жануарлардың, табиғи
ландшафтардьң тек материалдық емес, эстетикалық құндылығы айқындалып,
олардың адам сезіміне, оның жан дүниесіне əсері адамда қуаныш, рахаттану
сезімінің оянуына əсері көрсетіледі. Биологияны оқытуда табиғи ортада өзін
ұстау ережелерінің жуйесі игеріледі.
Биологияны оқыту мəселелерінде оқушыларда «экономикалык ойлау»
калыптастыру мүмкіндігі бар, табиғат байлығыи тиімді пайдалану, үнемдеу
кажеттігін түсіндіру (орман, шалғындык, дала, алкап, су т.б.) адам еңбегі
нəтижесін жəне еңбекке ықыласты қарым-қатынас маңызын сезіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: