Дәріс №21
Тақырыбы:
Биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің
ерекшеліктері.
Дәріс жоспары
1.
Биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту сатылары, кезеңдері мен
компоненттері.
2.
Биологияны оқыту əдістері, олардың критерийлері мен белгілері.
3.
Оқыту əдістерінің жіктелуі мен оларды биологияны оқытуда білім беру
мақсаты мен мазмұнына сай қолдану мүмкіндіктері.
Дәріс мазмұны
Оқыту əдістері жəне жүйеленуі. Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде
оқушыларға білім мен тəрбие беру үшін, пəннің мазмұны мен құрылымы жəне
сабақ өткізу үшін пайда ланылатын көрнекіліктер мен қажетті материалдардан
басқа, мұғалімнің қодданатын оқыту əдістерінің үлкен маңызы бар.
Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психолгиясын ескере отырып,
оқыту əдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге,
тəрбие қалыптастыруға болады. 1963 жылға философиялық сөздікте «метод»
немесе «əдіс» дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тəсілі,
реттелген іс-əрекет деп түсіндірілген. Демек «іс-əрекетті» дидактикалық
принциптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен
тəрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету үшін
жасайтын, пайдаланатын тəсілдері,- деп қарастырамыз. Қорыта келгенде, оқыту
əдісі дегеніміз- мұғалімнің оқушыларға білім мен тəрбие беру тəсілдері жəне
оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-əрекеттері-деп айтуға болады.
Екі жақты бір-біріне тығыз-байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын
əрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті
түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.
Биологияны пəн ретінде оқыту барысында, алуан түрлі əдістер мен тəсілдердің
қалыптасқаны белгілі жəне олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты
төмендегідей топтастыруға болады.
1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-əрекетінің сипаты.
2. Мұғалмнің білім берудегі іс-əрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дəстүрлі
сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің
негізі сыныпикалық əдістері үшеу екендігі белгілі: ол сөздік əдіс, көрнекілік əдіс
жəне практикалық əдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім беруде жаңа
əдістерді де оқу-тəрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.
Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: