Биологияны оқыту әдістері
Сөздік
Көрнекілік
Практикалық
1.Сұрақ
2.Әңгімелеу
3. Түсіндіру
4. Дəріс
5. Нұсқау беру
6. Пікірталас
Бейнелеу
көрнекіліктерін
демонстрациялау, тірі
табиғи обьектілер,
кинофильмдер, таблица,
сызба нұсқалар арқылы
білім беру.
Табиғи нысандарды
тану жəне анықтау
Құбылысты байқау
жəне оны тіркеу.
Эксперимент жасау
Әр əдістің өзіне тəн қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік əдістерді
қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.
Мұғалім əңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, Дəріс түрінде білім береді, ал
оқушылардың іс-əрекеті-тыңдау. Тақырыпты өтіп болғаннан соң, оқушылар
ауызша немесе жазбаша түрінде есеп беру барысында алған білімдері мен
түсініктері қортындылады, бекітіледі. Көрнекілік əдісін пайдаланған кезде
мұғалімнің сөзі басқа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі
мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсетуі, демонстрациялауы болып
табылады. Оқушылар байқай отырып, жаңа білімді игеріп, қорытынды жасайды.
Мұнда мұғалімнің сөзі емес, байқау білім алудағы негізгі көз болып табылады.
Оқушылардан жауап алу барысында көргендерін, байқағандарын естиміз. Жəне
бір əдіс- практикалық жұмыс. Оқушылар тапсырмамен өздері тұқымның,
жемістің, бақаның құрылысымен танысады, мектеп оқу-тəжірибе учаскесінде
жұмыс істейді. Оқытушы жұмыстың мақсатын айтумен қатар жұмыс барысын
қадағалап отырады. Қорытынды жасауға көмектеседі. Мұнда да теориялық білім
қажет. Мұндай жұмыстардың қорытындысы- білімнің негізгі көзі болып
есептеледі.
Биология сабақтарында əр түрлі əдістер қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың
мазмұнына, құрамына байланысты.
Білім көздері
Әдістер
Сөздік
Көрнекілік
Практикалық
Сөз
Көрнекілік құрал Парктикалық
жұмыс
Мұғалімнің білім
беруі
Сөзбен
Көрсету арқылы
Оқушылардың
білімді
қабылдауы
Тыңдау арқылы
Байқау арқылы
Жұмыс істеу
арқылы
Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен
жұмыс жүргізіліледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұннан алады. Кітаппен
жұмыс алуан түрлі əдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің
қандай да бір əдістерді қолданудың негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді
түрде сабаққа қатыстыру. Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер,
тəжірибелер, практикалық жұмыстар жасайды.
Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау
деңгейін дамыту жағдайын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар
оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін дамыту үшін олардың жауап
əрекеттеріне сипаттама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру,
есепке алу арқылы жүзеге асады.
Биологияны оқыту барысында қолданылатын əдістер сабақтың
мазмұнына жəне оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты əр уақытта
өзгеріп отырады. Сынып жоғарылаған сайын əдістер де күрделене түседі.
Әдістер мен əдістемелік тəсілдер əр-бір əдістемелік сабақ беру іс-
əрекеттерінде əдістемелік тəсілдермен қатар жүреді.
Әдістемелік тəсілдер
дегеніміз
оқыту барысында мұғалімнің жəне оқушылардың əрекеттерін
айқындайтын əдістердің элементтері болып табылады.
Әдістемелік тəсілдер алуан түрлі. Олар: логикалық, ұйымдастырушылық
жəне техникалық сипатта болады. Сабақ барысында əр-түрлі əəдістердң
құрамына жататын тəсілдер айқындалады. Әр-түрлі əдістердің құрамына
жататын əдістемелік – тəсілдер жиі қолданылады.
Әдістердің
барлық
түрінде
логикалық
тəсілдер
қолданылады:объектілердің ұқсастықтарын салыстыру, ерекшеліктерін
анықтау, қорытынды жасау жəне жинақтау. Бұл əдістер оқушылардың ойлау
қабілетін, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Ал, ұйымдастыру
тəсілдері оқушылардың зейінін тыңдауға , білімді қабылдауға жəне жұмыс
жасауға, орындауға бағыттайды.
Ал, техникалық тəсілдерге əртүрлі əртүрлі жабықтар мен
материалдарды, қолда бар құралдарды пайдалана білу жатады.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын жасайтын мұғалім, оқытудың
жаңа тəсілдерін ойлап тауып, оқытудың белгілі əдіс-тəсілдеріне
сəйекестендіріп, оқушылардың білім жəне тəрбие деңгейлерін көрсетеді.
Қазіргі таңда қолданып жүрген оқыту əдістерінде жаңа технологиялық
əдістері қолданылуда.
Практикалық əдіс-тəсілдердің қолдану үрдістерін түсіну үшін,
мұғалімнің практикалық сабаққа дайындығын қарастыруымызға болады.
Практикалық əдісті қолдануда мұғалімнің сөзі нұсқау беру үшін жəне
орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың
алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы.
Сөздік әдіс
1
.
Әңгімелесу.
Бұл əдістің құндылығы оның мұғалімге оқушылардың ұғымы
мен түсінігі шеңберін айқындауға жəне бұрынғы алған біліміне сүйене отырып,
оларды түзетуге, көлемін кеңейтіп, мазмұнын тереңдетуге мүмкіндік туғызады.
Оқу материалын сұрақ-жауап формасында баяндау оқушылардың танымдық
əрекетін арттыратынысөзсіз. Баяндалатын оқу материалынан оқушының ұғымы
жоқ болса немесе ауырлық жасаса мұндай жағдайда əңгіменің əсері болмайды.
Барлық əңгімелесу əдісінің негізгі элементі-сұрақ. Мұғалім сұрақтарды
біртіндеп күрделендіруі қажет. Сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар қиын-
қиын логикалық есептерді шығаратын болады. Әңгіменің дедуктивті құрылысы
оқушыларға материал таныс болған жағдайда немесе жеке-жеке талдауға уақыт
болмаған жағдайда қолданылады. Әңгіменің индуктивті құрылысы бірнеше
ұқсас нысандарды өткенде қолданылады.
2. Баяндау
. Баяндау биология сабақтарында атақты тарихи ашылулар
жайында,
табиғат
құбылыстары
жөнінде,
ғалымдардың
өмірбаяны,
творчествалық қызметі, өсімдіктер мен жануарлар əлемі жайында сөз болғанда
қолданылады. Баяндау да басқа əдістер секілді индуктивті жəне дедуктивті
құрылуы мүмкін. Баяндама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болу
керек. Мысалы, 6-7 сынып оқушылары үшін 10-15 минуттан артық болса шыдай
алмай, есте сақтауы қиын болады.
Сұрақ немесе алға мақсат қою
Достарыңызбен бөлісу: |