Сабақтың барысы: Берілген уақыт үзіліссіз, пайдалы, ұтымды болу керек. Сабақтың
элементтері:
• Ұйымдастыру кезеңі (мұғалім тақырыппен таныстырып, оның мақсатын,
жоспарын айтады, оқушылар өздерінің жұмыс орындарын дайындайды)
• Өткен сабақтың мазмұнын меңгеру сапасын бағалау (оқушыларға
арналған сұрақтар мен тапсырмалар);
• Жаңа сабақтың мазмұны (сабақтың жоспары, əдістері, көрнекіліктері
көрсетіледі);
•Жаңа сабақты бекіту (оқушыларға арналған сұрақтар мен тапсырмалар);
• Үйге тапсырма. Егер үй тапсырмасын беруге уақыт жетпейтіндей болса,
жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннын соң, үй тапсырмасын бірден беруге де
болады.
Сабақтың конспекетісінде, оның əр-бір кезеңдеріндегі байланыстар мен
логикалық тəсілдері көрсетіледі. Сабақ бөліктері бір-бірінен алшақ болмай,
біртұртас құрылымы ретінде, бір-бірімен байланыстағы фрагменттерден
құралғаны абзал. Мазмұндау кезінде мұғалім көп сөйлеуден аулақ болуы керек.
Конспектідегі қосымша материал баса көрсетіліп, сабақтың уақыты тапшы болса
қосымшаны алып тастауға да болады. Биология сабақтарындағы оқушылардың
білімін есепке алу, бақылау түрлеріне аса көңіл аудару, оқушылардың білім
сапасын арттыруға əсер етеді.
Осы жоғарыда көрсетілген нұсқаулардың барлығын орындау, жазылған
конспектінің нағыз сабаққа қажетті оқу-жұмыс құралы болатыны анық. Ол шын
мəнінде сабаққа қажет оған жіберген дайындыққа кеткен уақытқа өкінбеуге
əбден болады.