Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет71/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

 
Бақылау сұрақтары
1. 
2. 
3. 
 
Ұсынылған әдебиеттер
1.
Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту əдістемесі. Жалпы бөлім: дəріс 
курсы. Алматы, 2010. 
2.
Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. Қарағанды, 2006. 
3.
Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы. 
Алматы, 1977. 
4.
Никишов А.И.Теория и методика обучения биологии. М., 2007. 
5.
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии.- 3-
е изд. –М., 1976. 
6.
Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- 
Мн., 2004. 


Дәріс №22
 
Тақырыбы: 
1.Теориялық жəне эмпирикалық (практикалық) əдістер. Жалпы 
жəне жеке ғылыми əдістерді биологияны оқыту барысындақолдану.
 
Дәріс жоспары
1. Биологияны оқыту кезінде əдістер мен əдістемелік амалдарды таңдау 
заңдылықтары. Мектеп биологиясы бойынша оқу-тəрбие үдерісінде оқыту 
əдістерінің дамуы.
2.Жалпы білім беретін мектеп пен арнаулы орта оқу орнында биологияны оқыту 
формаларының жүйесі. Биологияны оқыту формаларының өзіндік ерекшеліктері 
мен қызметтері. 
Дәріс мазмұны
Практикалық əдіс. Бұл əдіс мұғалімнің ұйымдастыруымен жəне бағыт 
беруімен оқушылардың ойын жетілдіретін сөздің, көрнекі құралдардың, 
практикалық жұмыстың күрделі өзара байланысы болып табылады. 
Практикалық əдісті пайдалану оқушылардың рецепторлары, анализаторлары, іс-
қабілетіне байланысты. Оқу-тəрбие жұмыстарында практикалық жұмыстардың, 
тапсырмалардың маңызы зор. Себебі ол тапсырмаларды орындау алдында 
оқушылар бұрынғы алған білімдерін қайталап, пайдаланады. Бұл əдіс 
мұғалімнен жұмысты жүйелі ұйымдастыруды талап етеді. Түрлері:
1. Табиғи нысандарды тану жəне анықтау 
2. Құбылысты байқау жəне оны тіркеу. 
3. Эксперимент жасау. 
Практикалық сабақтардың алдында қойылған сұрақтарға, тапсырмаларға 
оқушылар оның нəтижесімен жауап беру керек. Оқушылардың көрнек 
құралдармен анықтаған жұмысының нəтижесі, практикалық əдісті қолданғанда 
алған нəтижеден айырмашылығы болады. 
Алдымен оқушылар мұғалімнің демонстрациялаған тəжірибесін байқап, 
сосын өздері жеке өлшейді, өсімдіктерді кептіреді, т.б. жұмыстар жасайды. 
Осындай байқау, анықтау мен эксперимент жұмыстары сабақта, үйде, сахат 
сабақтарда, оқу-тəжірибе учаскесінде жүргізілуі мүмкін. Оқушылардың 
практикалық жұмысты өздері жеке жасасын деген мұғалімдер көп қателеседі. 
Оның қорытындысын Я.А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 
былай деп жазған: Оқушыларға тапсырма бере отырып, белгілі дəрежеге дейін 
түсіндірмейтін, жұмыстың қалай болатынын көрсетпейтін, дұрыс емес істеп 
жатқанда жол сілтемейтін мұғалім-қатаң, ол жасөспірімді қинау емей немене?. 
Өзіндік жұмыстар біртіндеп күрделенуі жəне нұсқаулар берілуі тиіс. 
Дұрыс орындалған практикалық жұмыстар нəтижесінде оқушылар бірнеше 
логикалық операциялар жасай алады.
Тану және анықтау.
Тану жəне анықтау практикалық əдістің түрлері 
ретінде биологияны оқытуда кеңінен қолданылады. Өсімдіктер, жануарлар жəне 
олардың бөліктерін ажырату-тану, анықтау анатомиялық-морфологиялық, 
систематикалық практикалық жұмыстар қатарына кіреді. Оны өлшейтін, 


тартатын, бөлшектейтін əр түрлі тартпа материалдарды қажет етеді. Мысалы, 
скальпель, ине, қайшы, лупа, өлшегіш құрал т.б. 
Сабақ үстінде мұғалім тақырыптар бойынша тірі немесе сойылған жауын 
құрттарын, қоңыздар, бақалар таратады. Бірінші сабақтарда мұғалім нұсқау 
таблицалардан жануарлардың мүшелерін көрсетіп, оқушыларға оларды табуды 
ұсынады. Кейінгі сабақтарда оқулық суреті мен таблицаны пайдаланып, 
жануарлардың іш құрылысн өз беттерімен танып біледі. Мұғалім аралап 
жұмыстарының дұрыстығын тексереді. Омыртқалылар типіндегі жануарлардың 
іш құрылысын зерттеуді бірнеше сойылған нысандардан топ болып анықтайды. 
Оқушылардың жануарларды ажырата білуі, оларды эволюция процесі бойынша 
күрделену тəртібімен топтап, жүйелей алуы, қатар қоя білуі қажет. Анықтау 
бойынша практикалық жұмыстар биологияның барлық курстарында болады. 
Түр айыру мен анықтау тек қана сабақтарда ғана емес, табиғатқа саяхат 
жасағанда да жүргізіледі. Жазғы тапсырмалар тек табиғи материалдарды 
жинауды ғана емес, сондай-ақ оларды анықтау, өсімдіктер мен жануарлардың 
өмір сүру ортасы туралы мəліметттерді қамтиды. 
Бақылау
-белгілі мақсатта табиғи жағдайда сезім мүшелерімен заттар мен 
құбылыстарды қабылдау. Оқушылардың практикалық əдістегі бақылаудан 
көрнекілік əдістегі бақылаудың ерекшелігі бар. Бірінші жағдайда оқушылар 
бақылай отырып, жұмыстар жүргізеді: өлшейді, кеседі, есептейді, жазады, 
суретін салып, нысандарды не олардың бөліктерін кептіреді т.б.. Екінші 
жағдайда тек мұғалім берген кестелер мен тəжірибелерді т. б. бақылайды. 
Біріншідегідей бақылаулар нəтижесінде оқушылар өздері бақылаған 
құбылыстарды дəлелдейтін материалдарды келтіре алады. 
И.П. Павлов жазғандай: бақылау табиғат ұсынғанды жинайды, тəжірибе 
табиғаттан өзі қалағанын алады. 
Бақылаулар оларды орындау мерзіміне байланысты қысқа жəне ұзақ 
мерзімдік болып бөлінеді. Қысқа мерзімдік толығымен сабаққа кіргізіліп
таратып берілген материалдармен орындалады. Ұзақ мерзімдіктер негізінен 
сабақтан тыс уақыттта орындалады, бірақ оны орындау жолдары мен нəтижелері 
сабақта көрсетіледі. Мысалы: тұқымның дамуы, гүлден жемістің дамуы, 
жұлдызқұрттардың, бақаның дамуы, құстардың ұя салуы т.б.с.с. 
Тәжірибе
.Тəжірибенің көп бөлігі физиологиялық процестерді оқығанда 
қолданылады. Ол қысқа жəне ұзақ мерзімді болады. Қысқа тəжірибеге сабақта 
жүргізілетін өзімізге таныс тұқымның құрамы, крахмалдың түзілуін келтіруге 
болады. Биологиялық тəжірибелер көбіне ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан 
сабақта тек қойылу тəртібін демонстрациялап, қорытындысын жазады. 
Оқутəжірибе учаскесіндегі тəжірибелер біршама əртүрлі. Оқушыларға сұрақтар 
қойылады, тапсырмалар беріледі. Тəжірибе уақытында өлшеу арқылы нақты 
байқаулар 
жүргізеді. 
Бақылау 
тобындағы 
ағзалармен 
салыстырады. 
Омыртқалыларға шартты рефлекс пайда болуына байланысты тəжірибелер 
жүргізеді. 
Практикалық əдістің əрбір түрі мына этаппен жүреді: 
1. Жұмыстың мақсатына қарай сұрақ қою. 
2. Техникалық жəне ұйымдастырушы нұсқаулар. 
3. Жұмыстың орындалуы. 


4. Нəтижені көрсету. 
5. Қойылған сұраққа жауап беретін қорытынды. 
6. Сабақта өзінің жұмысы тұралы есеп. 
Жалпы əдістерді таңдау екі басты педагогикалық талапқа байланысты болу 
керек. Ол оқу материалына жəне балалардың жас ерекшеліктеріне сəйкес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет