Эритроциттердің өндірілуі реттелуінің бұзылыстары.
Эритроциттердің өндірілуінің реттелуінің бұзылыстары мына жағдайларда байқалуы мүмкін: а) созылмалы уыттанулар немесе аурулар, (туберкулез, жұқпалы аурулар, қабыну ұрдістері ж. б) кездерінде макрофагтар мен Т- лимфоциттердің белсенділігі төмендеуі байқалатыны белгілі; ә) аденогипофиздің, қалқанша бездің, аталық жыныстық бездің қызметтері төмендегенде; г) бүйрек аурулары және басқа жағдайларда эритропоетиннің аз түзілуінен.
Созылмалы қабыну кездеріндегі анемиялар. Қатерлі өспелер, созылмалы қабынулар (остиеомиелит, өкпе іріндігі, туберкулез, пеолонефрит т.б) кездерінде нәтижесінде созылмалы қабыну анемия дамуын туындатады. Осы көрсетілген жағдайларда эритропоездің реттелуі бұзылуынан дизеритропоэздік анемиялар дамиды. Бұл анемиялар гипорогенерациялық, нормациттік немесе макроциттік анемияларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |