Дәріс №1 тақырыбы:Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелердің патолгиясы



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі43,22 Kb.
#93721
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№1 Жалпы патология ДК
№1 Жалпы патология ДК, №1 Жалпы патология ДК
Этиологиясы бойынша тұқым қуатын және жүре пайда болған анемиялар болған анемиялар деп бөлінеді.
Патогенезі бойынша: 1. Қансыраудан болатын немесе постгеморрагиялық анемиялар; 2. Қан ыдырауы күшеюінен болатын немесе гемолиздік анемиялар;3. Қан өндірілуі бұзылуынан болатын немесе дизэритропоездік анемиялар болып ажыратылады.
Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
Постгеморрагиялық анемиялар тез және созылмалы қансыраудан дамиды. Соған байланысты қауырт және созылмалы посгеморрагиялық анемиялар болып бөлінеді. Қауырт постгеморрагиялық анемия тамыр жарақатынан көп шөлшерде қансыраудан тез қансыраудан дамиды.
Созылмалы постгеморрагиялық анемия кейбір дерттердің нәтижесінде (асқазан жарасы, жатыр фибромасы, дисменоррия, геморрой ж.б) қан тамырлары бүлінуінен және тромбоциттік – тамырлық, коагуляциялық гемостаздың бұзылуынан болатын жиі қансыраулардан дамиды. Жиі қайталанатын қанкетулер кезінде темір жоғалуы гипохромдық және микроциттік теміртапшылықты анемия дамуына әкеледі.
Қан ыдырауы күшеюінен болатын (гемолиздік) анемиялар

Гемолиздік анемиялар кезінде эритроциттердің артық ыдырауынан гемоглобиннен пайда болатын билирубин пигменті қанда көбейеді, тіндерге ауысады, сарғыштану пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет