Олар оқулық функциясын бірнешеге бөледі: координациялық; жүйелілендірілген; ақпараттық; трансформациондық; бекіту және өзін өзі бақылау; дамыған-тәрбиелілік.
Мектеп оқулығының функциясының оқушыға немесе оқытушыға қатысы [11] Б.А. Койшибаевтың зерттеулерінде қарастырылған. Ол оқушыға қатысты функцияларды анықтайды. Сол себептен функциялардың бірнешеуі мектеп оқу үрдісіне бағытталған. Кейбіреулері оқу үрдісін, күнделікті өмір мен кәсіптік қызмет арасын байланыстыруға көмектеседі:
Білім беру функциялары – меектеп оқулықтарына қатысты көп кездесетін сындарды түсіндіреді: олар білім берудегі құралдар болып табылады және өздерінің рөлін жабық пішінде орындайды;
Ептіліктің даму функциясы мен құзіреттілігі – мектеп оқулығы тек білім алуға ғана емес, сонымен бірге белгілі бір әдіс пен ұсталықты үйренуге бағытталған;
Интеграциядағы алынған білімнің көмек функциясы – интеграциядағы алынған білім оқытушының, сонымен қатар оқулықты құрастырушының негізгі мақсаттарының бірі болуы керек;
Достарыңызбен бөлісу: |