Дәріс 1 Тақырып: Мұнай өнімдерін парафинсіздендіру процесінің қысқаша сипаттамасы


Мұнай өнімдерін парафинсіздендіру



бет2/6
Дата20.11.2023
өлшемі487,66 Kb.
#192281
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1 (копия)

2. Мұнай өнімдерін парафинсіздендіру
Мұнай өнімдерін парафинсіздендіру дистилляттық және қалдық мұнай фракцияларынан парафиндер мен церезиндерді кетіруге арналған.
Жеңіл мұнай өнімдерін карбамидпен парафинсіздендіру (карбамидті депарафинизация) немесе цеолиттермен (адсорбция) жүргізуге асырылады. Қара мұнай өнімдерін парафинсіздендіру (дидистиллятты және қалдық майлар) экстрактивтік кристалдануды пайдалана отырып жүргізіледі.
Процестің негізгі мақсаты - мұнай өнімдерінен парафиндердің бөлінуі нәтижесінде қату температурасының төмендеуі. Төменде жеңіл мұнай өнімдерін депарафинизациялаудың технологиялық процестерінің сипаттамасы келтірілген.
Жоғарыда айтылғандай, катализдік гидропарафинсіздендіру немесе карбамидті және адсорбциялық парафинсіздендіру арқылы керосингазойльді (дизельді) фракциялардың қату температурасын төмендетуге болады.
Катализдік гидропарафинсіздендіру жағдайында парафиндердің крекингі және изомерленуі жүреді, ал карбамидті және адсорбциялық парафинсіздендіру жағдайында синтетикалық жуғыш заттарды алу үшін қолданылатын мұнай - химия шикізаты болып табылатын сұйық алкандар алынады.


3. Дизель отынын карбамидпен парафинсіздендіру
Карбамидпен парафинсіздендіру карбамидтің қалыпты құрылымды парафинді көмірсутектермен кристалды комплекстер (аддуктер) түзу қабілетіне негізделген.
Бұл қолданылатын өндірістік процесс төмен температурада қататын отындарды, тұтқырлығы төмен майларды және сұйық парафиндерді өндіруде қолданылады, сұйық парафин бағалы мұнай-химия шикізаты (синтетикалық май қышқылдары мен спирттерді, α-олефиндерді, жуғыш заттарды, ББЗ және т.б. өндіруде қолданылады).
Процестің негізгі мақсаты - қысқы және арктикалық дизель отынын алу үшін дизель отынының қату температурасын төмендету.
Комплекс түзілу процесі қайтымды: түзілген комплекс қыздырған кезде ыдырайды:
m Карбамид + қ-алкан ↔ комплекс,

мұндағы m - мочевина және қ-алканның моль санының қатынасы (әдетте m ~ 0,7 n, мұндағы n - қ-алкандағы көміртек атомдарының саны).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет