Дәріс 10 Білім және әлеуметтік теңсіздік Жоспар


Білім беруге қатысты теориялық көзқарастар



бет2/7
Дата04.11.2022
өлшемі232,5 Kb.
#156570
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 - Дәріс Білім

Білім беруге қатысты теориялық көзқарастар

Кең мағынада алғанда, білім беру – ресми оқу жүйесіне жауапты әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс институттардың бірі.


АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім саласына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар. Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер – барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.


Құрылымдық-функциялық теория: білім функциялары

Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байланысты. Құрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған. Білім саласы функцияларының басты бағыты – оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.




Оқыту және білім беру

Мектептің айқын мақсаты – білім беру мен дағдыны қалыптастыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға үйренеміз. Тәуелсіздік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр ұрпақтың өкілдері қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне кепіл болады.




Әлеуметтену

Мектеп жастарды заман ағымына ла­йықты әлеуметтендіру арқылы қоғамның мейлінше қалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар тәртіпке, тіл алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше мән береді. Сонымен қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай ойлауға, дәстүрді құрметтеуге және ережелерді ұстануға үйретеді.


АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып, жазуды үйренеміз. «Азаматтық адалдық антын» жаттаймыз және мектептік кеңес дұрыс деп тапқан АҚШ тарихын оқимыз. Елдің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтан шыққан оқушылар жалпыға бірдей оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Соның арқасында ортақ мәдени негіз қалыптасады.


Іріктеу

Мектепті бағбанға балауға болады. Оның арам шөптерді жұлып, тазалап, жақсы өнім алуға тырысатыны сияқты қай оқушының озат оқитынын, қайсысы кенже қалатынын анықтап отырады. Бағалар мен тестілеу нәтижелері мектептен тыс немесе түрлі оқу бағдарламаларына қатысты қабілет деңгейін көрсетеді. Ең дұрысы, мектеп жүйесі әр оқушының айрықша қабілетін ашуы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет