Дәріс 10 Білім және әлеуметтік теңсіздік Жоспар


Символдық интеракционизм: элиталық сабақтастық



бет5/7
Дата04.11.2022
өлшемі232,5 Kb.
#156570
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 - Дәріс Білім

Символдық интеракционизм: элиталық сабақтастық

Қазіргі заманда элита өкілдері балаларының да жоғары деңгейде қалуын тікелей қамтамасыз ете алмайды. Мәртебелері балаларына өтуі үшін, оларға сол деңгейге лайықты білімін растайтын диплом алып беру қажет. Көп жағдайда ата-аналар мұны орындайды. Өйткені балалардың білімдегі жетістіктері, ата-аналарының әлеуметтік мәртебесіне тығыз байланысты. Бұл қалай болады? Конфликтология теорияшылары мектеп құ­рылымы қалай теңсіздікке алып келетіндігіне мән берсе, символдық интеракционистер осындай нәтиже беретін процестерді зерттейді. Сондай процестердің бірі – элиталық сабақтастық.




Элиталық сабақтастық

Мектептің мақсаты – оқушыларға білім беру. Мектепті аяқтаған кезде оқушылардың көбі компьютерде басуды, үш бөлікті тезистен тұратын эссе жазуды және есеп шығаруды біледі. Оған қоса, ақыл-ес қабілетін арттыратын және кеңейтетін танымдық даму процестерінен өте­ді. Оқу процестерінен мінсіз өткен жағдайда оқушылар сыни ой­лау, дәлелдерді салыстыру және дербес ойлау қабілетін дамытуды үйренеді.


Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, егер мұ­ғалімдер оқушыларына зор үміт артып, оларға қиын әрі талапты тап­сырмалар беріп отырса, мектеп жасындағы балалардың танымы кең болады. Мұғалімдер мұндайды оқушылары «ақылды» болып көрінсе және өздерін лайықты етіп ұстаған жағдайда істейді. Ал ондай оқушылар әдетте ақ нәсілді және бақуатты тап өкілдерінен болады.


Аса маңызды тестілеу

Бүгінде федералдық және жергілікті заңнамалар мектептерде оқушылардың үлгерімі стандартты тестілеу арқылы бағалануын талап етеді. Көптеген мектепте оқушылар жоғары сыныпқа ауысу үшін, алдымен аса маңызды тестілеуден өтуі керек. Сонымен қатар мектеп те, мұғалім де осы стандартты тестілеудің нәтижесі бойынша бағаланып, жазаланып немесе марапатталатын болды.




Мектеп таңдау

Америкалық мемлекеттік білім беру сапасына алаңдаушылық мектеп таңдауын224 кеңейтетін көптеген ұсыныстар мен бағдарламалардың пайда болуына алып келді. Мектеп таңдау бағдарламасы балалы отбасыларға көптеген нұсқа (оқыту ваучерлері, салықтық жеңілдіктер, магниттер мектебі, жеке мектептер және үйде оқыту) ұсынады. Оқыту ваучерлері және салықтық жеңілдіктер жеке (кей жағдайда діни) мектептерге ақы төлеуге көмектесуге арналған. Магниттер мектебі – оқушыларды қызықтыру үшін арнайы бағдарламалар мен тәсілдерді ұсынатын мемлекеттік мектептер. Олар көп жағдайда тілдік орта, өнер, математика, ғылым сияқты негізгі дағдыларға аса мән береді. Жеке мектептер – магниттер мектебіне ұқсайды. Бірақ жеке меншіктің еншісінде болады. Жеке мектептер кей жағдайда мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Белгілі бір курстарға және олардың оқушылары белгіленген академиялық үлгерім көрсеткішіне сай болуына қойылатын талаптардың орындалуын қоғам қандай да бір деңгейде бақылап отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет