Дәріс 10 Білім және әлеуметтік теңсіздік Жоспар



бет6/7
Дата04.11.2022
өлшемі232,5 Kb.
#156570
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 - Дәріс Білім

Колледж және қоғам

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін колледж түлегі, тіпті орта мектеп бітірушілері тек элита арасында ғана кездесетін. Бірақ ол кезден бері орта білім алушылар мен колледжге түсушілер саны артты, бүгінгі таңда 18 бен 21 жас аралығындағы орта мектеп түлектерінің жартысы колледжге оқуға түседі. 12.1-сызбада көрсетілгендей, білім саласының кеңеюі қоғамның барлық сегменттеріне әсер етті, бірақ елеулі айырмашылықтар әлі де бар.




Колледжге не үшін бару керек?

Колледжде білім алуға кеткен шығындардың ақталатындығына күмән жоқ. 12.1-кестеде көрсетілгендей, колледж түлектерінің артықшылықтары көп. Табысты жұмысқа тез орналасады және жұмыссыз қалу ықтималдығы азаяды. Сонымен қатар олар орта мектеп бі­тіру­шілерімен салыстырғанда екі есе көп табыс табады.


Жоғары білім көзге көрінбейтін көптеген пайда береді. Колледжде студенттерге тек математика, ғылым және басқа салалар бойынша нақты дағдылар ғана емес, әлемде болған оқиғалар жайлы қисынды және сыни ойлау қабілетін дамытуды үйретеді. Зерттеулер бойынша колледж бітірген студенттердің қоршаған орта жайлы көзқарасы қалыптасқан, қоғамдық жұмыстарға белсенді және салауатты өмір салтын сақтайтын болады (College Board, 2005; Lopez and Elrod, 2006).




Білім – ресми оқу жүйесіне жауапты институт.


Астыртын оқу жоспары жастарды мойынсұнушылық пен сәйкестікте әлеуметтендіреді.


Креденциализм – айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.


Бақылау – баланың оқу бағдарламасын меңгергенін немесе әлі де түсінуі қажет тұстары барын ертерек анықтау үшін бағалау.


Мектеп таңдау бағдарламасы отбасыларға балаларын оқытудың көптеген жолдарын (оқыту ваучерлері, салықтық жеңілдіктер, магниттер мектебі, жеке мектептер және үйде оқыту) ұсынады.


Қорытынды

Білім берудің құрылымдық-функциялық үлгісі бойынша, білім беру көптеген әлеуметтік сұраныстарға сай болуы керек. Ол жастарды үлкен мәдени бірлестікке біріктіреді, білім беріп, белгілі бір дағдыларды қалыптастырады және әлеу­меттік өзгеріске себеп бола алады.


Конфликт теориясы бойынша, білім беру стратификация құрылымын төрт механизм ар­қылы қолдап, жүзеге асыруға көмектеседі. Олар: теңсіздікке мойынсұнатын жұмыс күшін оқы­ту (астыртын оқу бағдарламасы), элита өкілдері­нің балаларына жақсы жұмыс орындарын сақтау үшін креденциализмді қолдануы, басым мәдениетті сақтау және кедей топтардың білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Символдық интеракционистер білім беруде теңсіздік туғызатын процестерді зерттейді. Бұл процестің негізгі элементі –

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет