Дәріс 12. Бір сатылы жəне көп сатылы компрессорлардың жұмыс процесстері



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі162,5 Kb.
#96285
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 12 ГМЖ
6054, 6054, ЕРТАС ӘЛФАРАБИ ГЕОДЕЗИЯ 12.11
3. Көп сатылы компрессор

Бір сатылы (бір цилиндрлі) компрессорда сығылу дәрежесі ε= р2/ р1 = 6…8 артық болмайды.


Егерде жұмыс денесін өте жоғары қысымға дейін сығылуы кажет болса, онда көп сатылы компрессорларды колданады. Сығылудын қысымын жоғарлату, сығылудын соныңдағы жұмыс денесінің температурасын жоғарлатады, ал бұл техникалық мақсатындағы мәнінен асып кету мүмкін. Көп сатылы компрессорларда сатылар арасында алдынғы сатыдағы сығылған жұмыс денесін салқындату үшін жылуалмастырғыштарды орнатады.
Үш сатылы компрессордағы сығылуының диаграммасы 3 суретте Рv-диаграммасында көрсетілген. Бірінші цилиндрдегі сығылуы 1-а политропа бойымен өтеді, ал содан кейін жұмыс денесі аралық салқындатқышқа түсіп Т1 температурасына дейін салқындайды а-в процесі (теоретикалық қысым тұрақты болғанда).
Салқындатқыштан кейін жұмыс денесі екінші сатыға түседі және b-c политропасы бойымен сығылады, ал содан сон с-d изобары бойымен Т1 температурасына дейін салқындайды, содан кейін жұмыс денесінің сығылуы компрессордын үшінші және төртінші сатында d –е политропасы бойымен өтеді. Егерде жұмыс денесінің сығылуы 1-2/ сызығы бойымен бір сатылы компрессорда іске асқанда оңы 4-1-2/-3 ауданымен анықтайды.
Жұмыс денесінің аралық салқындауының себебіне байланысты жұмыстың ұтымдылығы а-2/-е-d-c-b-a ауданына эквивалентті. 3-суреттін Тs-диаграммасында компресордын бірінші, екінші және үшінші цилиндріндегі сығылудын политропалық 1-а,b-c және d-e сызықтары көрсетілген, ал a-b және c-d сызықтары жұмыс денесінің 1-ші және 2-ші сатылардағы изобаралық салқындау. a-b және c-d сызықтарының астындағы аудандар салқындатқыштан алынатын жылу мөлшерін анықтайды.
Нақты салқындатылмайтын компрессорының жұмысының тиімділігі адиабаталық ПӘК-н анықталады, бұл қайтымды адиабаталық сығылуындағы теоретикалық жұмыстын, нақты компрессордағы 1кг жұмыс денесін сығу үшін шығындалған жұмысына қатынасы:

-мәні 0,7...0,9 аралығында болады.
Салқындатылатын компрессорлардын жұмысын бағалау үшін изотермиялық ПӘК-ті пайдаланады, бұл изотермиялық сығылуындағы теоретикалық жұмыстын компрессордын жұмысына қатынасы

Компрессордын механизмдеріндегі үйкелісті жену үшін шығынданатын жұмысты механикалық ПӘК-н анықталады . Механикалық ПӘК, адиабаталық немесе изотермиялық ПӘК көбейтіндісі тиімділік ПӘК-н анықтайды.


Осыдан салқындатылмайтын және салқындайтын компрессор үшін тиімділік ПӘК келесі формулармен анықталады:


және

3-сурет. Үш сатылы сығылудын Рv және Ts- диаграмалары.

Компресорлар іс әрекетіне электрқозғалтқыштарымен, іштен жанатын қондырғылармен немесе турбиналармен жетектеліп келтіріледі.


Компрессордын жіктелуі:
- атқаратын қазметіне қарай ауа және газ компресорларына ажыратылады
- іс әрекетіне байланысты компрессорлар, поршенді (көлемдік) және турбокомпрессорға бөлінеді.
Көлемдік (ығыстыру) бойынша жұмыс істейтін поршенді
компрессорларында ЖД цилиндр ішіне түседі және бір белгілі қысымға дейін сығылып газ құбырына ығыстырылып шығарылады. Поршенді компрессорының ерекшілігі жұмыс процесінің мезгіл-мезгіл қайталануы.
Турбокомпрессорлар динамикалық принципі бойынша жұмыс жасайды, оларда ЖД сығылуы ЖД ағынының инерция күштерін пайдалануымен іске асады. Арнайы каналдары бар айналымда болатын калақтары немесе дискілер ЖД-не кинетикалық энергиясын береді, сонымен қоса жоғары жылдамдықты. Содан соң арнайы диффузорларда ЖД-н ағыны тежейтіледі және оның кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына ауысады, осыдан ЖД қысымы жоғарлайды. Турбокомпрессордын ерекшілігі болатын жұмыс денесінң үздіксіздігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет