Дәріс 12. Бір сатылы жəне көп сатылы компрессорлардың жұмыс процесстері


Ортадан тепкіш және осьтік компрессорлары



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі162,5 Kb.
#96285
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 12 ГМЖ
6054, 6054, ЕРТАС ӘЛФАРАБИ ГЕОДЕЗИЯ 12.11
4. Ортадан тепкіш және осьтік компрессорлары
Ағынның бағытына қарай турбокомпресорлар ортадан тепкіш және осьтікке бөлінеді. Ортадан тепкіш турбокомпрессорларда ЖД ағыны радиалды қозғалысында болады, яғни ротордын айналым осіне перпендикулярлы, ал остькте – ағын ротордын айналу осіне паралельды.

  • тудыратын қысымының мәніне қарай компрессорлық машиналар желдеткіштерге, айдағыштарға немесе газүргіштерге және компрессорларға бөлінеді.

Төмен қысымды тудыратын компрессорларды желдеткіш деп атайды, олардын қысымды көтеру дәрежесі 1,5 аспайды.

Компрессорлық цехтың негізгі жабдығы - компрессорлар, олар поршендік, ортадан тепкіш және бұрандалы (винттік) болуы мүмкін; беріліс жетегі газдық қозғалтқыштан, электроқозғалтқыштан және авияциялық турбинадан тұруы мүмкін.


Компрессорлар бір сатылы (яғни қажетті жоғары қысымға қол жеткізу газды сығудың бір-ақ циклінде жүзеге асса) немесе көп сатылы (жоғарғы қысымға қол жеткізу үшін газды бір компрессорда сығу бірнеше циклмен жүзеге асса) болады.
Поршендік компрессорлардың қызметі компрессорлық цилиндрдің жұмысшы көлемінің өзгеруі нәтижесінде газды ығыстырып шығару принципіне негізделген; көлем ұлғайған кезде жұмыстық қуыстар газбен
толтырылады, ал жұмыстық қуыстардың көлемі азайған кезде онда тұрған газ сығылады да, айдау құбырларына ығыстырылып шығарылады.
Ортадан тепкіш компрессорлардағы қысымның жоғарылауына, оған үлкен жылдамдықты беру арқылы және ағынның кинетикалық энергиясын біртіндеп диффузордағы қысымның потенциялдық энергиясына айналдыру жолымен қол жеткізуге болады.
Бұрандалы компрессорларда, сығылған газдың қысымы компрессор тұлғасында (корпусында) жанасқан бұрандалар тәріздес екі ротордың айналуы нәтижесінде компрессордың жұмыстық қуыс көлемінің азаюы салдарынан ұлғаяды. Бұрандалы компрессорлар соңғы айыру сатысындағы мұнай-газын жинау үшін кеңінен қолданылады.
Олар ықшамдылығымен ерекшеленеді, тығыздығы әр түрлі газ үшін қолданыла береді, және де күрделі фундамент құрылымдарынсыз ашық алаңқайларда бекітіледі, монтаждау мен қызмет көрсету қарапайым.
Газдымотор компрессорлары деп, компрессорлық бөлік пен газды қозғалтқыш бір тұлғада бірге орналасқан поршенді компрессорлық агрегатты айтады. Қозғалтқыш цилиндрлерінің саны 8-ден 12-ге дейін болады, агрегаттар үлкен метал шығындарымен (яғни, металдың көп жұмсалуымен) сипатталады (күштік жетектің 1 кВт 28-62кг, агрегаттың массасы 270т жетеді). Іс жүзінде поршендік компрессорлардың қабылдауындағы қысым жеткілікті жоғарғы болғанда және салыстырмалы газ шығыны онша көп болмаған жағдайда газды сығу дәрежесі 2 үлкен болғанда қолдану тиімді.
Компрессорлардың негізгі параметрлері - сору және айдау кезіндегі оның бергіштігі мен қысымы болып табылады. Айдау қысымының сору қысымына қатынасы компрессордың сығу дәрежесі деп аталады.
r = Pай /Pсору (12.4)

Газды-мұнайлы және мұнайлы кен орындарында жоғары қысымдағы мұнай және газ ұңғылары болған кезде, сонымен қатар айырғыштардағы қысымдардың үлкен айырмашылығы кезінде ағысты аппараттар немесе эжекторлар қолданылады.


Жоғары қысымдағы жұмысшы газ эжектор соплосы арқылы өткен кезде оның жылдамдығы тез артады. Жұмысшы газдың шапшыма ағысының маңында төменгі қысымды аймақ пайда болады, оған қабылдау камерасынан төменгі қысымдағы газ сорылады. Араластыру камерасында, содан кейін диффузорда жоғарғы және төменгі қысымдағы газдар араласады, және де аппараттан шығар жолда олардың температуралары, ағыс жылдамдықтары мен қысымдары теңеседі.
Газдың жылдамдығы төмендейді, ал кинетикалық энергияның негізгі бөлігі потенциалдыққа (қысым энергиясына) айналуы есебінен қысым қалпына келеді. Осылайша, төменгі қысымдағы газ диффузорда өзінің қысымын 10-30% көбейтеді.
Эжекторлардың іс жүзіндегі пайдалы әсер коэффициенті 30% аспайды, өйткені жұмысшы газдың энергиясы мен қысымының шығындары болады. Бірақ-та, төменгі қысымдағы мұнай газын компрессорлеу үшін жоғары арынды табиғи газдың үлкен мөлшерінің болуы кезінде немесе төменгі қысымдағы газды сығу үшін магистралды газ құбырындағы артық қысымдағы газды пайдалану кезінде эжекторларды қолдану экономикалық жағынан тиімді болуы мүмкін, өйткені олар конструкциясы бойынша қарапайым және механикалық компрессорлардан айтарлықтай арзан, оларды орналастыру үшін өте үлкен фундаменттер мен ғимараттар қажет емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет