Кіріспе
ЭКСТРАКЦИЯ үрдісінің жалпы сипатамасы. Экстракция процесі күрделі технологиялық процестерге жатады.
Анықтамасы: Қатта немесе сұйық заттын құрамынан тиісті /таңдаүлы/ компоненнті бөлып алу.
Таңдалған компонеттің сұйықтыққа көшуін сіпаттау- күрделі физикалық-химиялық құбылыстарды моделдеуді талап етеді. Бұл дәрістер өзекті мәселе-полидисперсті материалдан экстракция процесін модельдеу мәселесін шешуге арналған.
ЭКСТРАКЦИЯ ПРОЦЕСІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
Жаппай экстракция процесін физикалық және математикалық модельдеуде көбіне диффузиялық-кинетикалық тәсіл жиі қолданылады. Осының негізінде Тарнердің түрлендірілген үлгісі жасалған. Тарнер үлгісіне сәйкес микро- және макрокеуек үшін материалдық баланс теңдеулерін қарастырамыз. Осы теңдеулерді шешу үщін торлар әдісін қолданамыз. Негізгі қарастыратын мәселе де осы болып табылады.
Экстракция процесінде қоспадан шыққан зат ерiтiндiге айналады, ал оны таза күйінде айырып алу үшін алынған ерiтiндiні бiр мезгiлде буландыру, кристаллизациялау және қатты денелерді еріту жолымен келесi процеске көшу қажет, яғни қатты денеде қалған еріткішті фильтрлеу, центрифугалау және кептіру процестері атқарылады. Экстрактор деп аталынатын арнайы аппараттарда бөлінетін қоспа және ерiткiш тығыз байланысқа түседі. Қатты денелердi экстракциялаудағы сығынды құрылғысының мезгілді әрекетiнің сұлбасы қарапайым түрде көрсетілген . Айырылып алынатын қоспа бірінші экстракторға жүктеліп, оған бір мезгiлде арнайы мөлшермен таза ерiткiш құйылады. Арадан біраз уақыт өткеннен соң қоспадан ерiтiндiге алынатын заттың белгілі бір мөлшері өткенде және ерiтiндi өзіне тиiстi шоғырландыру мөлшерін иеленгенде оны бөлетін текшеге түсіреді, сол жерде ерiткiштiң айдалу процесi өтеді. Бөліндіргіш текшеден еріткіш буы тоңазытқыш конденсаторына өтеді, онда олар су арқылы тоңдырылады және конденсацияланады, алынған конденсат (таза ерiткiш) экстракторға жаңадан түсетiн қоспаның келесi өңделуi үшiн жиналады.
Бұл процесс қолданылатын қоспадан айырып алынатын заттың көлемі шыққанша қайталанылып отырады . Содан соң экстрактордағы қатты қалдықтарды буландыру немесе қыздыру арқылы қалған ерiткiштің қалдықтарын айдау үшiн қолданады. Айдау аяқталған соң қалдықты түсiредi. Бұдан кейін экстракторға қоспаның жаңа үлесiн салып, процестi жаңадан бастайды және дәл сол кезегi бойынша аяқталады. Қатты денелерден экстракциялау процесі көбіне майлы дақылдардан сұйық өсімдік майын шығаруда кең тараған, мұндай сығындыда түскен ерiткiштегі май ерітіндісін әдетте мисцелла деп атайды. мисцелланы алу үшін қолданылатын үздіксіз әрекет ететін экстракторлардың біреуінің сұлбасы көрсетілген.
Айырып алатын қоспамен ерiткiштiң өзара iс-әрекетiнің нәтижесінде қайта пайда болған фазалардың бөлуiн (сылу) арнайы заттардың көмегімен екi сұйықтық фазаларын еріту арқылы, фильтрлеу, центрифугалау, қорғаныштық қасиеті бар заттарды қосу, немесе кристаллизация) бiр қатты фазаны бөлетін заттарды қосу арқылы шығарады
Әрбiр фазадан ерiткiшті алып тастау және регенерация жасауды жылыту, дистилляция немесе буландыру жолдарымен iске асырады, және де фазалардың бөлiнуiнде немесе олардың құрамынан ерiткiштi алып тастауда жиi қолданылатын әр түрлi әдiстер өзара сәйкестендіріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |