Дәріс №1/2 Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны Жоспар



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,96 Kb.
#83767
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 1-2

- инновациялық (мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу);

К.С. Станиславский оқушының жан дүниесін түсініп, жұмыс жасауды ұсынды. Сондай-ақ, мұғалімнің 4 түрін атап көрсетті:
1-ші түріне белсенді, қиялы жақсы дамыған, әркез ізденушілікпен айналысатын мұғалім. Олар сабақты жаңа әдістермен өткізуге тырысады.
2-ші түріне белсенді емес, өз пәніне деген немқұрайлықпен қарайтын мұғалім.
3-ші түріне бір ізбен жүрмейтін мұғалім. Бірде қызықты, кейде жалқаушылық танытатын. Бұл мұғалім кітаптағы материалды қайталап, еш жаңалық енгізбейді.
4-ші түріне ешнәрсе, тіпті кітаппен де, ізденушілікпен айналыспайтын мұғалім түрі. Мұндай мұғалім тіпті болмау керек деген екен.
К.С. Станиславскийдің мектепте қолданылатын принципі – өмір шындылық принципі. Өмір шындылық принципінің мақсаты ешқандай өтірік, тәртіпті бұзатындай әрекеттер жасамау.
Екінші принципі – алдын ала тапсырма беру. Бұл арқылы оқушының дайындық деңгейін білуге болады.
Үшінші принципі – белсенділік және әрекет ету. Мақсаты – образға ену және сабақтың практикалық бөлімінде оқушыларды белсендіре түсу.
Актерлік қабілеттіліктердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі театр мектептерінің негізін қалаушылар К.С.Станиславский, В.Э. Мейерхольд, А.Я. Таиров актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазды.
Украин зерттеушісі В.Ф. Моргун былай дейді: «актерлік өнері біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, өмірлік және үшіншіден ғана театралды болуы тиіс, оның мұндай ұйғарымы педагогтың шеберлігіне қатысты әділ болып саналады. Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден – өнегелік, екіншіден – біліктілік және үшіншіден – әртістік.
Мұғалімге қойылатын талаптар – жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлығын одан жан-жақты терең біліктілігі, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады:
- жалпы адамзаттық талаптар;
- мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар;
- пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары.
Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады.
Ал мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі өнеге болуы және т.б. кіреді.
Үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі және т.б.өзіне меңгереді.
Сонымен қатар педагогикалық шеберлік қатарына төмендегі қасиеттерді атап көрсетуге болады:
-психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;
-мұғалім мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
-кәсіптік көргендігі;
-педагогикалық сүйспеншілігімен балаларға деген сенімділігі;
-ұйымдастырушылық шеберлігі;
-оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс әрі уақтылы қабылдай алуы;
-педагогикалық техника.
Сонымен, өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да шеберлікті де жақсы меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет