Педагогикалық шеберліктің элементтері
Гуманистік бағыттылығы
|
Кәсіптік бағыттылығы
|
Педагогикалық қабілеттері
|
Педагогикалық техника
|
Қызығушылығы Құндылықтары Мұраттары
|
Өз пәнін, оны оқытудың әдістемесін, педагогиканы, психологияны білу
|
Коммуникативтілігі: адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, перцептивтігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы.
Динамизмі: еріктік әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі.
Эмоционалдық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау.
Креативтілігі: шығармашылыққа қабілетті
|
Өзін-өзі басқара білу іскерлігі, өзара әрекет жасау іскерлігі
|
Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеру, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білу және өзі-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
- оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби білімді жоғары діңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:
- балаларды сүйе білу ізгілікті қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;
- баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;
- балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне өзі сенім;
- оқу процесінде қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:
- әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық).
- рефлексифті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік сыншылдық, білімпаздық).
- коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя білушілік, міндеттілік).
- элепатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік, қайғыға ортақтаса білуге қабілетті).
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімнің міндеті, олар:
- ақпараттық (біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеуі, шолу );
- зерттеу (біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т.б.);
-интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеуі салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, ой жүгірте алу);
-креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу,негізін бөліп алу, алдын ала білу,жаңаша түрлендіру);
- диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б.)
- болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер жасау және т.б.);
- коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, ақпараттарды алмастыру, вебральді емес қарым-қатынас, өзара әрекеттестік жасау және т.б.)
- аксиологиялық (біліктері: объект пен бақылау формаларын таңдау,параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру, өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);
- басқару (біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру,мақсат қою,болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);
- жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу, құрастыру, технологияландыру);
Достарыңызбен бөлісу: |