Дәріс №13 Басшылық жасау және көшбасшылық Дәріс жоспары: 1 Басшылық жасау және көшбасшылықтың мағынасы
2. Көшбасшы-лидер түсінігі
3.Басқару стилінің сипаттамасы
Дәріс мақсаты мен міндеттері: Басшылық жасау және көшбасшылықтың мағынасы түсіндіру.
Дәріс мазмұны: Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.
Билік әртүрлi түрде қолданады:
билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс icтeyге
мәжбүр етеді)
билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады)
Басшы осы жоғарыдағы биліктің сипаттамасының көмегімен бағыныштыралын жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге бағыттайды. Осыларды жетекшіде қилданады, бірақ олар көбінеce қарама-қарсы бағытта, мақсаттың орындалуына кедергі жасау үшін.
Көшбасшы-жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip мәселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын көпшіліктің мойындауы.
Көшбасшының міндеттері:
ұжымның эталонға жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу).
топтың әр мүшесіне бағ бере отырып, бұйрықмен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді.
Көш басқарушының екі полярлық түрін бөліп қарауға болады:
іскер – мәселе шешуде өз қолына алатын және білімді, жан жақты
хабарлы.
сезімтал лидер — ұжымның қөңіл-күйін реттеу функциясын қолына
алады.
Ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қояды, бipaқ қарама-қарсы қоймайды, себебі олардың арасында ұқсас белгілері бар:
басшы мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады, тек
басшы әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады, ал лидер
жеке өзінің бастамасы арқасында
басшы мен лидер ұжымдағы әлеуметтік ықпалын әр түрлі жолмен
жүзеге асырады.
басшы мен лидер арасындағы қатынас реттеленіп, субординацияны
ұсталған болуы керек.
Лидердің ерекше қасиеттерінің бipi:
қиындыққа төзімді болу
ұжымның алдағы мақсатын түciнy
мейірбан, ізетті
парасатты болу.
Бiз лидерлерге қызығып қараймыз, олардың табанды, сенімді адам болуын қалаймыз. Біз істің сенімді адамның қолында болғанына нанымды болуымыз керек. Кішкене кітапханада лидердің қызмет билігі әлсіз. Үлкен кітапханада лидердің қызмет билігі едәуір белгілі, бағыныштыларымен қатынасы үздіксіз жетілуде. Әр басшы лидер болуға ұмтылу керек.
Басқарушының жұмыс стилі
Кітапханада ұжымның жақсы адамгершілік қатынасты болуы, қызметкерлердің басшылармен өзара қатынасына байланысты.
Басқару стилінің сипаттамасы:
Демократиялық стиль:
шешім қабылдаудың алдында бағыныштыларымен ақылдасады
бағыныштыларына тапсырманы ұсынады
жауапкершшілігі өзіне берілген өкілеттікпен таратады