Дәріс 13. Экзогендік процестер және жер бедері. Дәрісті өту нұсқаулығы



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі195,69 Kb.
#80175
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 13 сценарий

Негізгі мореналар жекеленген мұздықтардың жылдам еріп, таусылуы кезінде құралады.Негізгі мореналар жиналған аймақтағы бедер пішіндері төбелі және жазықты болып келуі мүмкін.
Мұздықтардың бұзу әрекеті "экзарация" (латынша"ехагапо" - жырту) деп аталады, яғни экзарация деген мұздық қозғалысы нәтижесінде оның астында жатқан түпкі тау жыныстары бұзылып уатылған материалдардың (ірілігі әр түрлі сынықты тастардың) мұздың жиегіне қарай тасымалдануы. Экзарация әрекетінен шатқал немесе аңғар бойымен төмен жылжыған мұздық олардың көлденең қимасын кеңейтіп астау тәріздес аңғарға айналдырады. Жоғарыда айтып кеткендей мұндай мұздық аңғарды трог (нем. - астау) деп атайды. Олар расында да астау пішінді екі жақтары тік, түбі тегіс, план бойынша көбіне түзу бағытта, ұзындығы шамалы келген бедердің ерекше бұрыс пішіні.

Жамылғы мұздықтар таулық мұздықтарымен салыстырғанда әлдеқайда көп, ауқымды. Олар тіпті кей тұста бүтіндей бір аралдар мен құрлықтарды алып жатыр. Мәселен, Гренландиядағы сірескен мұздықтардың қалыңдығы 3 км-ден асса, Антрактидада ол 4 км-ге дейін жетеді. Міне, осындай ғаламат қалыңдығына байланысты мұз астындағы бедер пішіндері мұздықтың таралуына пәлендей әсер ете алмайды. Жамылғы мұздықтардьщ үстіңгі беті әдетте дөңестеу, жазық келеді, яғни қалқанға ұқсас болады. Олар Арктикалық және Антрактикалық климат белдеулерінде таралған, ал бұлардағы қардың шегі теңіз деңгейіне дейін жетеді немесе одан сәл биігірек орналасады. Жамылғы мұздықтардың жылжуы қысымның айырмашылығына байланысты пайда болады да, мұздық "қалқанының" ортасынан басталып, жан-жағына жылжып тарамдала тарайды.


Гляциалдық шөгінділерден төмендегі бедер түрлері қалыптасады:
Оз – бұрынғы мұздықтардың қозғалған бағытына қарай созылып жатқан қазіргі бел-қырлар. Ұзындығы 30-40 км, ені бірнеше метрден 2-3 км-ге, биіктігі ондаған метрге жетеді.Құм, қиыршық, қойтас, малта тастан түзіледі.
Друмлиндер – ұзынша, созыла біткен төбелер мен төбешіктер.Ішкі ядросы түп жыныстардан немесе құмдардан түзіледі. Биіктігі 45 м-ге, ұзындығы жүздеген метрден 2,5 км-ге дейін, кейде одан да артық болады, ені 150-400 м.
Зандр – мұздықтардың шеті мен етек жағындағы мореналық материалдың қайта шөккен қалдықтары. Олар әр түрлі құмдардан, қиыршық тастардан, таспалы балшықтан, қойтастардан түзілген.
Кам – бұрыс пішінді келген биіктігі 10-20 м-лік төбелер.Олар әр түрлі құмдардан, қиыршық тастардан, малта тастардан, таспалы балшықтан, қойтастардан түзілген. Бір-бірімен өте күрделі түрде ұштасып жататын мұздық шөгінділер мұздық кешендер мен формациялар құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет