Оқуды бастау
2. Дәрістің жоспары:
1.Флювиалдық процестер және жер бедері.
2.Эолдық процестер және жер бедері.
3.Гляциалдық процестер және жер бедері.
1.Флювиалдық процестер және жер бедері.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің калыптасуында маңызды рөл атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Ағынды сулар әрекетінен атқарылатын геологиялық процестердің жиынтығын флювиалдық (латын - ағын, тасқын) процестер деп атайды. Өзендердің геологиялық қызметі, тау жыныстарын бұзып-шаю, үгілу заттарын басқа орындарға тасымалдап көшіру әрекеттерімен сипатталады. Өзен арнасының тереңдеуі және өзен жағаларының шайылып жар қабақтардың пайда болуы да өзен суларының бұзушылық әрекетін көрсетеді. Сонымен қатар өзен сулары тау жыныстарын әр түрлі дәрежеде азды көпті ерітеді.
Өзен суының алғашқы басталған жерін бастау, ал оның теңізге барып құяр жерін сағасы деп аталады. Өзен сағасында байқалатын теңіз су деңгейі осы өзеннің «эрозия базисі» болып табылады.
Өзен аңғары дегеніміз - жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы еңістегі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойыс түрінде көрініс беретін бедер пішіні. Аңғар су ағындарының әрозиялық әрекеті нәтижесінде қалыптасқан. Аңғар беткейі – өзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған көлбеу жазықтық. Оның беті жыра, сай және басқа да жуып-шаю әрекеттерінен пайда болған элементтерден тұрады.
Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар: арна, жайылма, терраса, аңғар жағалауындағы беткейлер.
|
Аңғардың тұрақты өзен суы астындағы бөлігін арна деп, ал жиі-жиі уақытша тасыған су астында қалып қоятын ең төменгі террасаны жайылма деп атайды.
Арна – өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең теренделген бөлігі.
Жайылма – өзен аңғарының сол өзен тасыған кезінде су басып кететін бөлігі.
|
Террасалар - тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғардың беткейлер шегінде сатыланып орналасқан алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі. Террасалардың пайда болуы эрозия базисінің өзгеріп отыруына немесе су шығымының жиі-жиі өзгеруіне байланысты. Өзен аңғарлары симметриялы және ассиметриялы болып кездеседі.
|
Таулы аймақтарда өзен аңғарлары аса терең келеді, бірақ ені тар болып кездеседі. Мұндай аңғарлар «каньондар» деп аталады. Каньон - жазық бағытта қабатталған жағаларының беріктігі әр түрлі тау жыныстары қабаттарының су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп қалыптасқан саты тәрізді аңғар.
Қазақстанда Іленің саласы Шарын өзені бойында терең каньондар кең дамыған. Бүдан басқа каньондар Маңғыстауда және Үстірт өлкелерде кездеседі.
|
|
Тау шатқалы (ущелье) – тік құлайтын екі жақ беткейлері төмендеген сайын сүйірлене беретін өте енсіз көлденең қимасы V-әрпі тәрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал тектоникалық жарылымдар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан әрі кеңейіп, тереңдей түседі.
Мысалы, Іле Алатауындағы Есік, Үлкен Алматы, Шілік тау шатқалдары т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |