Сабақ тақырыбы Файлдар өлшемі. Түрлі форматтағы архивтерді жасау шешу. Сабақтың түрі



Дата08.02.2022
өлшемі34,47 Kb.
#119919
түріСабақ
Байланысты:
Информатика 7класс Архивация файлов Разработка урока
Кіріс бақылау

Сабақ: Информатика

Мектеп: №18 ЖОББМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Әшім Қ.С

Сыныбы: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тараудың аталуы

7.1.А. Ақпаратты ұсыну және өлшеу және компьютерлік жады

Сабақ тақырыбы

Файлдар өлшемі. Түрлі форматтағы архивтерді жасау шешу.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқу мақсаты

7.1.2.2 Әр түрлі форматтағы мұрағаттарды құру және ашу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Файлдарды архивтеу және архивтен алу

Бағалау критерийлері

- архив ұғымын және оның атқаратын қызметін түсіндіре алады;
- архивтеу программаларын атай алады;
- парольмен архив құра алады;
- архивтеу мақсаттарын айта алады;
- файлдарды архивтей алады;
- файлдарды архивтен шығара алады.

Ойлау қабілеттерінің дағдылары

- білу және түсіну
- қолдану
- талдау

Тілдік міндеттер



Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар.
Архиваторлар, қысу (тығыздау, сығу), өздігінен ашылатын архив, архивтен алу

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы фразалар.
Суреттерді ...... үшін архивтеуге болады;
Bmp файлдар қысуға (жарайды/жарамайды);
Архивтерді ...... немесе ....... қолдануға болады;
Өзіндігінен архив ........ жағдайларда ынғайлы;
Бір дискіге симаған архивтерді ....... болады.

Құндылықтарды қалыптастыру

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, академиялық ашықтықты сақтайды.

Пәндік байланыс

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:



Ақпарат көздері




Басы
10 мин



Мұғалімнің әрекеттері

Қызығушылықты ояту
Топтық жұмыс (белсенділік кезең)
Сабаққа кіріспе жасау үшін оқушыларға келесі ойынды ұйымдастырыңыз:
Әрбір топ бір-біріне хат жазып, оларды хатқалташасына салып, жіберу тиіс. Хатқа кез келген сурет салып жеруге болады.
Алдын ала өзіңіз әрбір топқа бірнеше әртүрлі суреттер, мәліметтерді хатқалташаларға салып таратыңыз (көлемін өзгертпеңіз).
Ойынның мақсаты:
Екі файлдың көлемін кішірейтіп, архивтеу.
Кез келген файлдарды архивтен алу.
Оқушылардан сабақ тақырыбы мен мақсаттарын сұраңыз.
Қысқаша теориялық материалды ұсыныңыз.
Ғаламтормен жұмыс істеуге мүмкіндік болса, видео көрсетіңіз.
Бұл тапсырма сабаққа кіріспе ретінде ұйымдасқан. Тапсырманы орындау барысында оқушылар ойлау қабілеттерін дамытады және білім және түсіну қабілеттерін дамытады.

1-5 слайд


Презентация
https://www.youtube.com/watch?v=2PpRrpOnvqc

Оқушылардың әрекеттері

Файлдарды архивтеп, архивтен алады. Теориялық материалды дәптерге жазады.

Ортасы
11-20 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Компьютерде өзіндік жұмыс:
1 тапсырма:
Алдынғы сабақтарда құрған файлдарды (графикалық, мәтіндік, дыбыстық және бейнелік) «Жарнама» атты архивке салып, пошта арқылы бірнеше достарыңызға жіберіңіздер.
Дескрипторлар:

  1. Файлдар дұрыс топталды;

  2. Файлдар дұрыс архивтелді;

  3. Архив пошта арқылы бірнеше достарға дұрыс жіберілді.

Бағалау кезеңі:
Тасымалдау үздік өткені туралы кері мәлімет алу.
Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардың өолдану қабілеті дамийды. Жұмыс барысында компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олар архивтің қызметтерін нақты көре алады.

6-7 слайд


презентация

Оқушылардың әрекеттері

Компьютерде жұмыс істейді, архивтеу алгоритмін дәптерге жазады.

21-30 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Компьютерде өзіндік жұмыс:
2 тапсырма:
Берілген тапсырманы әртүрлі архиваторлар арқылы орындаңыздар және оларды салыстырыңыздар (WinRar, WinZip)
Дескрипторлар:

  1. Файлдар дұрыс топталды;

  2. Екі түрлі архивтер дұрыс құрылды;

  3. Салыстыру кезеңінде қорытынды жасалды;

  4. Талдау кезінде бір қорытынды шығарылды.

Бағалау кезеңі:
Құрылған архивтен файлдарды шығару (өзін өзі бағалау)
Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылар талдау қабілеттерін арттырады және топта жұмыс істеу барысында бір-бірін құрметтеуді үйренеді.

6-7 слайд
презентация

Оқушылардың әрекеттері

Компьютерде жұмыс істейді, архивтеу алгоритмін дәптерге жазады.

31-36 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Компьютерде өзіндік жұмыс:
3 тапсырма: Алдынғы тапсырманы пароль орнатып орындаңыздар;
Дескрипторлар:

  1. Архив терезесі дұрыс ашылды;

  2. Қажетті қойындысы дұрыс таңдалды;

  3. Пароль дұрыс орнатылды;

  4. Архивті қолдану кезінде пароль талап етіледі.

Бағалау кезеңі:
Құрылған архивтен файлдарды шығару (өзін өзі бағалау)
Осы тапсырмада кез келген құжатты көшіруден және ұрлықтан сақтау қажеттілігін еске алады және қолдану қабілеттерін дамытады, себебі олар нақты бір архивке пароль қоюды үйренеді.

8-9 слайд
презентация

Оқушылардың әрекеттері

Компьютерде жұмыс істейді, архивтеу алгоритмін дәптерге жазады.

36-44 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Компьютерде өзіндік жұмыс:
4 тапсырма: Алдынғы тапсырманы көптомдық архив ретінде сақтаңыздар.
Дескрипторлар:

  1. Архив терезесі дұрыс ашылды;

  2. Қажетті қойындысы дұрыс таңдалды;

  3. Бір томның мөлшері дұрыс таңдалды;

  4. Архив көптомды түрде дұрыс құрылды.

Бағалау кезеңі:
Құрылған архивтен файлдарды шығару (өзін өзі бағалау)
Ескерту: Көптомдық архивтен файлдарды алу ережесін айта кетіңіз
Осы тапсырмада көптомдық архив жасау арқылы күнделікте қажетті жұмыстарды істеуді үйренеді. Сонымен қатар, қолдану қабілеттерін арттырады.

8,10 слайд
презентация

Оқушылардың әрекеттері

Компьютерде жұмыс істейді, архивтеу алгоритмін дәптерге жазады.

Сабақтың соңы
45 мин

Мұғалімнің әрекеттері

Рефлексия
Шығу сұрақтарын дайындап, оқушыларға ұсыныңыз:
1) Архив не үшін қолданылады?
2) Архиватор дегеніміз не?
3) Танымалы архиваторлады атаңыздар.
4) Архив бір дискіге симаған кезде не істеуге болады?
Үй жұмысы: файлдарды архивтеу алгоритмін қайталау.




Оқушылардың әрекеттері

Берілген сұрақтарға жауап береді

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Оқу міндеттері/сабақ міндеттері орындалды ма?


Білім алушылар бүгін не үйренді?


Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?


Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді?







Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.


2.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет